Қытай халық азаттық армиясы лек-легімен келіп жатты. Ұлттық (Шынжаңдағы жерлік) армияның тарайтыны тарап, тарамайтындары Үрімжі жаққа орын ауыстыруда. Келіп жатқан армиямыз, тарай кетіп жатқан ұлттық армиямыздан да мейірімділеу іспетті. Қараған көзге мылтық стволдары мен штиктері де қатты металдан жасалмағандай, жұп-жұмсақ, жып-жылы көрінеді. Топырақ өңдесі күлгінсары киімдерінде жарқырауық жез түгіл қайыс та жоқ, түп-түгел шүберек. Шүберек кебісі. Шүберек балтыр ораушы, шүберек сөмкелерін мойындарына асып, шүберек белдікпен беліне қоса байлап алыпты. Басымен бас болып жабыса кептелген қалпақтарының күнқағары да шүберек. Гоминдаң қытайларынша шекірейерліктей нысан жоқ, жұп-жұмсақ шүберек. Өздері ауыздарын аша, түп-түгел күліп келеді. Аппақ тістері де жұп-жұмсақ сияқты. Жып-жылы, сүп-сүйкімді. Бәрі де адамға қарағандай, адам болғанда да көптен бері көре алмай сағынған, өз туысқандарына қарағандай, елжірей қарайды.
Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” IV-том

Соңғы жазбалар
Мәжіліс “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заңға өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Ол бойынша ауланған бұралқы иттердің ұстау
«Шығармашылық адамның еңбегі назарға ілігіп, жас ұрпақ, жаңа буын ортасында талданып, талқылауға түсіп, сараланып, сарапталып жатса
2026 жылғы 3 сәуірде сағат 11:30 да республикалық маңызы бар «Кеген–Нарынқол» автожолының 20-шақырымында төтенше жағдай тіркелді.
Жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың Қызғыш құсы, қоғамның қормал қайраткері, Қазақ әдебиетінің Қаратауы, алаштың Алтай таудай
Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындары аяқталғанына біраз уақыт болды. Ел қоржынына жалғыз алтын медаль түсті. Бұл
Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасу сайысының
Кейінгі онжылдықтың бедерінде Қазақстандағы медиа кеңістік бұрын-соңды болмаған өзгеріске ұшырады. Адамдар ақпаратты бұрынғыдай қалыптасқан базасы бар
1,18 миллион жазылушысы бар танымал қазақстандық AIRAN YouTube-арнасы өз жұмысын тоқтататынын ресми түрде жариялады. Соңғы екі
2026 жылғы 31 наурызда Алматыда танымал заңгер әрі блогер Молдахан Әділетханның ұсталғаны қоғамда қызу талқыға түсті.
Қазір мені сырттай көргендер бағалы көлік мініп, үстіме қона кеткен костюм кигеніме қарап, “тағдыры жеңіл, жолы