Қытай халық азаттық армиясы лек-легімен келіп жатты. Ұлттық (Шынжаңдағы жерлік) армияның тарайтыны тарап, тарамайтындары Үрімжі жаққа орын ауыстыруда. Келіп жатқан армиямыз, тарай кетіп жатқан ұлттық армиямыздан да мейірімділеу іспетті. Қараған көзге мылтық стволдары мен штиктері де қатты металдан жасалмағандай, жұп-жұмсақ, жып-жылы көрінеді. Топырақ өңдесі күлгінсары киімдерінде жарқырауық жез түгіл қайыс та жоқ, түп-түгел шүберек. Шүберек кебісі. Шүберек балтыр ораушы, шүберек сөмкелерін мойындарына асып, шүберек белдікпен беліне қоса байлап алыпты. Басымен бас болып жабыса кептелген қалпақтарының күнқағары да шүберек. Гоминдаң қытайларынша шекірейерліктей нысан жоқ, жұп-жұмсақ шүберек. Өздері ауыздарын аша, түп-түгел күліп келеді. Аппақ тістері де жұп-жұмсақ сияқты. Жып-жылы, сүп-сүйкімді. Бәрі де адамға қарағандай, адам болғанда да көптен бері көре алмай сағынған, өз туысқандарына қарағандай, елжірей қарайды.
Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” IV-том

Соңғы жазбалар
Дүниеге келмес едік сіз бенен біз, Болмаса Адам ата, Қауа анамыз. Адам ата ұстатып кеңірдектен, Дәнді
Автордан: Мен, былтыр – 2025 жылы қаңтардың 14 күні бір роман жазып аяқтадым. Кітап болып басылса
– Тыңдап отырсың ба, балам? – Мен оның қимылын бағып, оған қарап үнсіз отырдым. Менің жауап
Қыстың түні ұзақ. Құсбегі үшін атып бермейтін ұзын таң. Қар қылаулап, жер бетін қырбақ басса бір
Мүмкін ауылға Шымырдан шай қайнатым уақыт бұрын жетіп, келген шаруасын мәлім етті. Үйде төрт көз түгел
Шымыр оң босаға жақтағы төсектің бас жағындағы адал бақанда ілулі тұрған бес атар маузер мылтығын алып,
Шымыр түрмедегі жеті жыл, алты айлық жазасын толық өтеп шыққанда жиырма тоғыз жаста еді. Бірақ, екі
Сөйткен Үрбике үміт жібін үзбей табаны күректей жеті жыл тапжылмай отырып, күйеуін күтті. Бастабында жұрт «неткен
Алматыда 80 жасында дүниеден озған Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбекті ел-жұрты ақтық сапарға
Шығарылымның алғашқы бөлімін арнамыздан тамашалай аласыз. Бақытбек Бәмішұлының “Ащы жас араласқан ана сүті” атты әңгімесімен танысуды