//

Туысқанымның қарызы үшін жауап берем бе?

713 рет қаралды
2

Менің бір ірі банкіде депозитім бар еді. Сол банкіге менің апайым қарыздар екен. Қазір оны күнде шақырып әлек. Олар менің депозитімді бұғаулай ма?

Жауап:

Сіздің депозитіңізге ешкімнің қол сұғуына құқығы жоқ, себебі сіз жеке тұлға ретінде депозитті өз атыңызға рәсімдеп шарт жасастыңыз, апайыңыздың қарызына сіздің катысыңыз жоқ.

Сонымен қатар, апайыңыз кредит алған кезде сіз гарант ретінде еш құжатқа қол қойған емессіз.

Банкке қарыздар апайыңыз өзі жауап беруге тиіс, себебі мүлікті банкке кепілге қойып кредит алған кезде жасалған шартта кредит алушының құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері көрсетіледі.

Шартта негізінде төлеу тәртібі көрсетілуі тиіс. Ол бөлімде уақытында төленбеген кредит сомасы үшін әр бір кешіктірілген күн үшін пайыздың көтерілуі жөнінде жазылуы мүкін? Сондықтан да, апайыңыз сол шартта көрсетілген міндеттемені өзі орындауға міндетті.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Құрметті Мәнберліктер. Бір ай бұрын кредитке Самсунг Галакси Айс маркалы қалтафон сатып алған едім. 1 жылға берілген кепілдемесі де бар. Соңғы уақытта телефоным ұнамай жүр. Талғамымның өзгергенінен емес, қызметі шалағай. Сеті жоғалып кете береді, маған телефон шалушылар хабарласа алмайды. Андройдтың жүйелік қателіктері үшін кешірім өтінеміз деген хабарламалар да шығады. Бір ссөзбен айтқанда осы қалтафонымды алған жеріме қайтып бере алуға тұтынушылық құқығым бар ма?

  2. 1 жыл кепілдемесі аяқталмаған жағдайда қайтарып беруге емес, басқа қалта телефонға айырбастауға құқығыңыз бар!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері