//

Жаңа журнал ашам десеңіз…

790 рет қаралды
4

 

Жаңа журнал ашайын деп едім. Не істеуім керек?


БАҚ туралы заңының  5-бабына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралын құруға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.
Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға:
1) мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк;
2) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия негiз болып табылады.
Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды.

Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы өтiнiште:

1) мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң атауы орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;

2) мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпарат агенттiгi материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);

3) шығарылымның болжалды мерзiмдiлiгi;

4) негiзгi тақырыптық бағыты;

5) таралу аумағы;

6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты;

7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
Өтiнiшке:
жеке тұлғалар үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi;
заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;
мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Журнал ашам деп жүрген біраз азаматтарды осы кеңесті көруге жұмсайын, дәл керек мәліметтер екен. Рахмет!

  2. ммм, мұны білгісі келетін адамдар үшін табылмайтын кеңестер тізбесі деуге болады.

  3. Біз жаңадан ашылған қоғамдық қормыз! Қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда оларға зейнетақы жарнасын және әлеуметтік салық төлемеуге болады дейді. Ол тек тұрақты қызметкерлерге ғана төленеді делінген. Сол рас па?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі