//

Сайлау аяқталды, нәтиже қалай болады екен?!

1506 рет қаралды
8

Бүгін, яғни қаңтардың 15-сінде жергілікті уақыт бойынша, 20.00-да Қазақстан Парламентінің Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың мәліметі бойынша жергілікті уақыт 18.00-де сайлаушылардың 71,98 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Әлеуметтік сауалдардың алғашқы қорытындылары бойынша, «Нұр Отан» партиясы әдеттегідей көш бастап келеді. Екінші орында қандай партия иеленетіндігі әзірге жұмбақ.  Сайлау заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістер бойынша, жеті пайыздық межені еңсермесе де, дауыс беру нәтижесі бойынша  екінші орынға табан тіреген партия Мәжілістен орын алатын болады. Партиялардың «Нұр Отаннан» өзгесі осы екінші орын үшін додаға түсуде. Конституцияға енгізілген 2007 жылғы өзгерістер бойынша, Қазақстан халқы Ассамблея атынан 9 депутат Мәжіліс құрамынан орын алмақ. Сөйтіп, Мәжіліс депутаттарының саны – 109-ға жетіп отыр.

«Minber-ақпарат»

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. «Стратегия» әлеуметтік саяси зерттеу орталығы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша:
    «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы – 81,3;
    Қазақстан Патриоттар партиясы – 0,8;
    «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7,2;
    Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 1,5;
    Қазақстан Коммунистік халық партиясы – 7,1;
    «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы – 1,2;
    «Әділет» демократиялық партиясы – 0,9 пайыз дауыс жинады.

  2. Cайлаудың нәтижесі қалай болар екен деп, бал ашып, бармақ шайнаудың қажеті қанша? “Нұр Отан” партиясы 90 пайыз алмағанға шүкір десейші

  3. Мына коммунистердің мұндай дауыс жинағаны мені таңқалдыруда. Бұл точно әкімшілік ресурстардың жемісі. Әйтпесе ешкім танымайтын, ешкім білейтін Владислав Косарев бастаған қуыршақ партияға дауыс берді деген мүмкін. емес.

  4. Оның Серікболсын Әбділдиннің партиясын құрту үшін билік тарапынан құрылғанын білмейтін бе едіңдер? Ақыры дегеніне жетті ғой. Енді ұялмай қызыл партия Мәжілісте бар деп азу кермек қой?

  5. Меніңше, билік жалған қызықдарға әдейі көмектесті-ау деймін. Еуропаға да сес көсретпек үшін

  6. Предварительные результаты следующие: Народно-демократическая партия «Нур Отан» — 80,74 процента; Демократическая партия Казахстана «Ак Жол» — 7,46 процента; Коммунистическая Народная Партия Казахстана (КНПК) — 7,2 процента; Общенациональная социал-демократическая партия (ОСДП) — 1,59 процента; Казахстанская социал-демократическая партия «Ауыл» — 1,46 процента; Демократическая партия «Адилет» — 0,66 процента; Партия патриотов Казахстана — 0,89 процента.

    Подробнее: http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/7825877/?frommail=1

  7. “Сайлау” атты тағы бір ойын сәтті аяқталды. Ескі депутаттар естерін жиып ескі тақтарына қайтадан қонжиятын болды. Өзенді аман-есен аттап өтіп, өздерін жауапкершіліктен жақсы қорғай білді. Енді бірнеше жыл жалықпай есінеуге ерік алды. Бізде неге бұлай деген сұрақ болмайды. Біз сондаймыз.

  8. осы біз сайлауды не үшін өткіземіз деп қайран қалам! жемократияға айналған “демократия” бар деп айту үшін бе?қорытындысы бесенеден белгілі ғой,оны ит те біледі.сондықтан қабырғасы ырсиған қазынамызға күш түспейтін жағын ойлағаны жөн болар еді.халық та мезі болды сан жетпейтін сайлаулардан.

Аспан жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мінберде медиа өкілдері

Алматыдағы «Ramada» қонақүйінде ERG қолдауымен Мінбер журналис­терді қолдау орталығы «Дата және жасанды интеллект» атты фес­тиваль ұйымдастырды.