//

Телефонымды қайта өткізе алам ба?

705 рет қаралды
3

Құрметті Мінберліктер. Бір ай бұрын кредитке Самсунг Галакси Айс маркалы қалтафон сатып алған едім. 1 жылға берілген кепілдемесі де бар. Соңғы уақытта телефоным ұнамай жүр. Талғамымның өзгергенінен емес, қызметі шалағай. Сеті жоғалып кете береді, маған телефон шалушылар хабарласа алмайды. Андройдтың жүйелік қателіктері үшін кешірім өтінеміз деген хабарламалар да шығады. Бір сөзбен айтқанда осы қалтафонымды алған жеріме қайтып бере алуға тұтынушылық құқығым бар ма?

Жауабы:

Сәлеметсізбе, әрине бір жылдық кепілдемесі бар болса сол сатқан дүкеннің сервис орталығына апаруыңызға болады, бірақ бір ескеретін жәйт сіз ол телефононыңызды баска жөндеу шеберханасына апарып жөндетіп көрмесеңіз болғаны. Апарғанда сол мәселелеріңізді толық айтып беріңіз, яғни оның соңғы уақытта қызметі шалағай  болып, антеннасы (сеть) жоғалып кете беретінін және сізге телефон шалушылар хабарласа алмайтынын айтыңыз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 1 бабының 5 тармағына сәйкес кепілді мерзім – тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда оның сапасына сатушы (дайындаушы, орындаушы) кепілдік беретін уақыт кезеңі.

 Осы заңның 17-бабында тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері көрсетілген. Егер тауарға кепілді мерзім белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілді мерзім ішінде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшіліктермен байланысты талаптар қоюға құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілді мерзім тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі.

Және де сіз несиеге алығандықтан шартты мұқият қарап шыққаныңыз жөн.

Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қайдан алған едіңіз? Мүмкін сатылғанада құртылған болған шығар. Мен Сульпактан алдым, бір ай болды бәрі дұрыс, сапасы да, мүмкіншіліктері де өте жоғары. Андройдтық ОС-сы әсіресе ұнайды.

  2. Сіз суретке басқа қалтафонның суретін қойыпсыз. Бұл суретте HTC My Touch 3g

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар