//

Америкадағы онлайн қылмыстық істі рәсімдеу

1320 рет қаралды

Жалғасы. Басы өткен апталарда жарияланды

Авторы: Дэниел Ларкин

Интернеттегі сауда-саттықтың салдарынан онлайн режимде де қылмыс кездеседі. Құқыққорғау мекемелері ғаламтордағы қылмысты тізгіндеу үшін жаңа әдіс-тәсілге көшті.

Дэниел Ларкин – Федералды Іздеу бюросы жанындағы  Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы бөлімінің жетекшісі. 

Орталықтың ең басты қызметі азматтардан залал құны 100 бен 1000 АҚШ доллары арасында болатын интернеттегі қылмысқа қатысты арызын қабылдап, шағымданушы көрсеткен мәліметті дәл осындай жолмен ақшасынан қағылған дүниенің өзге де 100 бен 1000 тұрғыны арасында салыстыру жүргізіп тез арада нақты қылмыстық іс қозғау болып табылады.

Өкінішке қарай көптеген құқық қорғау ұйымдары залал құны аз болса, мәселен 100 АҚШ долларынан аз болса, ондай іс қылмыстық зерттеу нысаны ретінде қарастырылмауы мүмкін. Интернетегі қылмыскерлердің дені мейлінше көбірек ақша қарпып қалуы үшін құрбандарының санын ұлғайтады.  Киберқылмыстан әдетте бірнеше адам қатар зардап шегеді. Сондықтан да Орталықтың мамандары бір қылмыстың өзгелермен арадағы байланысын анықтап, залалдың сомасын 100 бен 1000 АҚШ доллары арасында екенін әрі зардап шеккендердің саны 100 бен 1000 адам арасында екенін көрсетсе, қылмыстың ауқымы кеңейіп құқыққорғаушылар кең көлемде тергеу жұмыстарын жүргізе алады.

Кей кездері Орталық құқық қорғаушыларға дәлелді зерттеп, қылмыстық істі бастауға да жәрдемдеседі. Қылмыстық ісіт тезірек рәсімдеу, тергеу үшін құық қорғаушыларға жедел тапсырғанның өзінде алғашқы екі жарым жылдың ішінде Орталық мамандары киберқылмыспен күресуге қауқарлы мамандардың өздері бірден тергеу амалдарын бастап кете алмайтынын байқаған. Себебі мамандардың құпия қылмыс түрімен жұмыс істеудегі тәжірибесінің аздығы, кей жағдайда Орталық келіп түскен сандық мәліметті өңдейтін арнайы құралдардың жоқтығы тұсау болды. Осылайша Орталық мамандарының мәліметті жинақтап, қылмыстық істің алдын алудағы алғашқы қадамдары ерекше маңызды иеленді.

Мысалы, Орталық қылмыстан 100 адам зардап шеккенін әрі заңбұзушылық алғаш рет Канададағы серверде қылаң бергенін, бірақ бұл бар болғаны арадағы делдал қызметін атқарған сервер екенін анықтайды. Әккі қылмыскерлер өздерінің шынайы мекенін жасыру үшін осындай қулықтарға баруы әбден мүмкін. Сондықтан да Орталықтың сарапшыларына осындай жасырын мекендер жайлы неғұрлым көбірек мәліметтер қажет. Бәлкім, Техастағы, Батыс Африкадағы немесе Румыниядағы біреу өз құрбандары жайлы мәліметті жинау үшін Канадағы серверді қолданған болар.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Сурет: experian.com сайтынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар