//

Google өнімдерінің SEO-ға ықпалы

1540 рет қаралды
Google Author Rank
Google Author Rank

Болашақта Интернеттегі авторлардың рейтингісі сайт сенімділігін анықтайтын негізгі өлшемдердің біріне айналуы мүмкін. Google – іздеу жүйесі ғана емес, сонымен қатар Интернет-қолданушының рейтингін анықтайтын механизмнің иесі. Бұл өзгеріс интернет сайттарға өздеріне танымал авторларды тартуға, ал әрбір авторға өзінің рейтингін арттыру үшін сапалы мақалалар жазуға итермелеуі мүмкін.

Бұған дейін әлемдегі негізгі іздеу жүйелерінің бірі болып саналатын Google-дың SEO-ға ықпалы туралы аз-маз мәлімет таратқан едік. Сондықтан бұл жазбада Google іздеу жүйесінің ағылшын тіліндегі контентке қатысты жұмысына тоқталмақпыз. Қазақ тіліндегі контент легі толысқан сайын төмендегі SEO құралдардың маңызы біздер үшін де арта түседі деп ойлаймын.

G+ туралы

Google Panda [ағыл.т] атты роботын іске қосуымен G+ өніміне көп мән бере бастады. Себебі ол контентті қорғауға көп мән береді. Мәселен, сіз Google-дың G+ желісінде тіркеліп, контентіңізді біреу ұрлаған болса, ұрлықшы сайттың сенімділігін Google төмендетеді”, – дейді SEO/SMO консультанты Алисия Липовска.

G+ артықшылығы – визуалды ақпаратты да береді. Әдетте сайтыңыздағы ақпаратты бөліскенде сіздің сайтыңыздың мазмұнын ашатын суреттің шығып тұрғанын қалайсыз. Осындай сниппетті жасаудың жолдарын мына сілтемеден көруге болады. https://developers.google.com/+/web/snippet/?hl=ru

Google Author Rang

Google құралдарының келесі бір артықшылығы – Google Author Rang.

Қазақ тіліндегі мәтінге қатысты Google Author Rang есептелмейді. Әзірге ағылшын тіліндегі контент бойынша авторлардың деңгейін анықтап отыр. Мәселен, gmail поштасын көптен бері қолданып жүрген адам, Гугл сеніміне ие болмақ.

Төмендегі графикадан Google Author Rang қалай жұмыс істейтінін көре аласыз:

The Author Rank Building Machine #verticalmeasures #Infographic #Authorrank
Data Graphic by Vertical Measures

Сурет seo-smo.net сайтынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар