//

Қазақстанда киберқауіптермен күресетін Ұлттық даму институты құрылды

61 рет қаралды

Фото: gov.kz

Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Ұлттық даму институты құрылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау орталығының құрамына кіретін бұл мекеме мемлекеттік саясатты іске асырумен, заманауи киберқауіптерді модельдеумен, цифрлық криминалистикамен және мамандардың біліктілігін арттырумен айналысады.

Институттың алғашқы ауқымды жобасы 2026 жылғы 25-27 маусым аралығында Ыстамбұлдағы Istinye University базасында өтіп жатқан ICCSDFAI 2026 халықаралық конференциясын ұйымдастыру болды. Шараны Цифрлық үкіметті қолдау орталығы 11 ұйымнан тұратын халықаралық консорциуммен бірге өткізді. Конференция серіктестері қатарында Palo Alto Networks, Amazon Web Services (AWS), ASELSAN, TI-Lab және FerroTechnics (Канада) бар. Жиын материалдары халықаралық IEEE дерекқорында индекстеледі.

Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Алия Оспанова бұл қадамның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтты.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның киберқауіпсіздік саласында дайын шешімдерді тұтынушы ғана емес, жаңа тәсілдердің тең авторы болуы», – деп атап өтті бас директор Алия Оспанова.

Үш күндік шара аясында халықаралық сессиялар, воркшоптар, CTF және Hackathon жарыстары ұйымдастырылуда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар