//

Компьютердегі файлды жылдам табудың жолы

1298 рет қаралды
Google Desktop - файлды оңай табудың жолы
Google Desktop – файлды оңай табудың жолы

Кейбір бағдарламалар кішігірім тапсырмаларды жылдам орындап, көңілден шығып жатады. Компьютеріме қондырылған сондай бағдарламаның бірі – Google Desktop  деп аталатын.

Газетте журналист болып қызмет етіп жүргенде файлдың барлығын компыма сақтайтынмын. Әдетте файлдарды тізбелеп, күні бойынша сақтаған ыңғайлы. Егер апталық газет болса, әрбір аптадағы газетке бөлек папка ашып, соның ішіне де сақтауға болады.

Алайда кей күндері оқырмандардан келген хаттарды немесе жұмысқа тікелей қатысы жоқ есептер мен мақалаларды комптың бір жеріне сақтап, кейін таппай қалатын кездерім болады. Сондай кездері Google Desktop жоғалтып отырған файлымды тезірек табуға жәрдемдесетін.

Газетте журналист болып қызмет етіп жүргенде файлдың барлығын компыма сақтайтынмын. Әдетте файлдарды тізбелеп, күні бойынша сақтаған ыңғайлы. Егер апталық газет болса, әрбір аптадағы газетке бөлек папка ашып, соның ішіне де сақтауға болады.

Google Desktop – компьютеріңіздегі файлдардың барлығын индекстеп отырады. Компьютеріңіздегі 100 мың құжаттың алғашқы 10 мың сөзін индекстейді. Нәтиежесінде файлдың атын ұмытып қалғаныңызбен, файл ішінде болуы мүмкін кез-келген сөзді еске түсірсеңіз, файлыңызды оңай табасыз. Ctrl түймесін екі рет шертесеңіз, файлды іздеу жолағы пайда болады.

Қазір “бұлт технологиясы” пайда болғалы Gooogle Desktop жаңармайтын болды. Себебі адамдар енді ақпаратты көбіне компына емес, өзге компаниялардың “бұлттарына”, яғни серверлеріне сақтайды. Дегенмен, Google Desktop бағдарламасын орнатып, іске жаратамын десеңіз де болады. Тек бұл бағдарлама әрі қарай Google компаниясы тарапынан жаңармайтын есіңізде ұстаңыз.

Сонымен қатар кейбіреулер компьютеріндегі барлық құжаттардың Google-дың іздеу жүйелері бойынша индестелуінен қауіптеніп, орнатудан бас тартып жатады. Шешім қабылдау өз еркіңізде.

Google Desktop-ты жүктеймін десеңіз сілтемеге өтіп, free download деген түймені басыңыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі