/

Журналистерге арналған iMediaProject-2014 мектебі

1121 рет қаралды

2331434662_4450a322d4_z

Назар аударыңыз: Өтінімдерді қабылдаудың ең соңғы мерзімі – 2014 жылғы 10 қыркүйек, сәрсенбі (Астана уақыты бойынша сағат 17:00). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өітінімдер қаралмайды.

Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан Қорының қолдау көрсетуімен жаңа бірегей білім беру бастамасының – «iMediaProject» жобасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Ашық республикалық байқау аясында білікті қазылар алқасы қазақстандық БАҚ журналистері мен редакторларының ішінен 20 финалисті анықтайды, олар бір жыл аралығында бес апталық тегін оқу курсынан өтеді.

Қазақстанда тұңғыш рет The New York Times, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica және басқа да БАҚ-тың практик-журналистері Миссури штаты университетінің Журналистика метебінің және Джорджия штаты университетінің Грэди атындағы Журналистика және бұқаралық коммуникация колледжі секілді екі жетекші американдық журналистика мектебінің профессорларымен бірге қазақстандық журналистерді мультимедиалық стартаптарды құру және оларды кешенді түрде ілгерілету бойынша, сондай-ақ, медиа-кәсіпкерлік және контенттен ақша табу машықтарына оқытады.


Тренингтік бағдарлама:

Бес апталық қарқынды оқыту курсы барысында ең ірі мультимедиалық жобаларды жасап шығарған медиа-индустрия көшбасшыларының шеберлік сыныптары өтеді. «iMedia Project» жобасына қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, келесі модульдер бойынша жаңа білімдерді алмақ:

· БАҚ-қа арналған менеджмент және бизнес-стратегиялар (2014 жылдың қарашасы);

· Мультимедиалық журналистика I(2015 жылдың қаңтары);

· Мультимедиалық журналистика II (2015 жылдың наурызы);

· БАҚ дизайны(2015 жылдың мамыры);

· Медиа-брендинг және маркетинг (2015 жылдың маусымы);

«iMediaProject» түлектері келесі бағыттар бойынша жаңа біліктіліктерді меңгермек:
· Әртүрлі ақпараттық платформаларға арналған сапалы аудио-, бейне-контентті жасау;

· Интерактивтік графика;

· Веб-дизайн, HTML және CSS;

· Жаңалықпен байланысты технологиялар және ұялы құрылғылар;

· Әлеуметтік желілерді БАҚ ретінде пайдалану;

· Google және басқа да талдау құралдарын пайдалану;

· Бизнес жобаны әзірлеу және оны таныстыру;

· Мультимедиалық контенттен ақша табу;

· Мультимедиалық жобалардың тиімділігін бағалау;

· Медиа-кәсіпкерлік: бизнес-үлгілер және стартаптар;

Оқыту Қазақстан Баспасөз клубында «Adobe Creative Cloud» бағдарламаларының толық қоржынымен арнайы жабдықталған компьютерлік сыныпта өтетін болады. Оқыту нәтижесінде «iMedia Project» түлектеріөздерінің тәуелсіз әрі бірегей мультимедиалық жобаларын жасай алады, «Adobe InDesign», «Adobe Muse», «Adobe Audition», «Adobe Premiere» және тағы да басқа журналистерге арналған мамандандырылған бағдарламаларды сенімді түрде қолдана алатын болады, сондай-ақ, өз жобасын ары қарай қалай тұрақты дамыту керектігін түсінеді.

Барлық бес модуль бойынша оқуды сәтті аяқтап шыққан «iMedia Project» түлектері серіктес-университтермен – Миссурлық Журналистика мектебімен және Грэди атындағы Журналистика және бұқаралық коммуникация колледжімен (АҚШ) куәландырылған сертификаттарды алады.

Сорос-Қазақстан Қоры үздік мультимедиалық стартап жобаларды кәсіби деңгейде әзірлеп, ілгерілетуге қаржылық қолдау көрсету арқылы оларды көтермелеу үшін «iMedia Project» түлектері арасында грант байқауын жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Егер:
· Сізде қоғамдық-саяси, іскерлік немесе белгілі бір тақырыпқа арналған жаңа ақпараттық жобаны құру туралы идея болса және оны іске асыру үшін сізге мультимедиалық журналистика дағдыларын жетілдіру қажет болса;

· Сіздің редакцияңыз мультимедиалық технологиялардың белсенді жаңашылы бола тұра жаңа ақпараттық жобаны іске қосуды қаласа және сізге шетелдік медиа-менеджерлер мен бренд-технологтардың тәжірибелік кеңесі қажет болса;

· Сіздің БАҚ қолданыстағы онлайн-ресурстың (веб-сайт немесе сандық қосымша) дизайнын сапалы түрде қайта жасауға мүдделі болса және осындай «мультимедиалық өзгерістің» арқасында дербес медиа-бизнес ретінде дамып, оқырмандар мен жарнама берушілердің жаңа аудиториясын тартуға қолжеткізетін болса, онда «iMedia Project» сізге арналған.

Байқауға қатысуға келесі тұлғалар шақырылады:
· Өңірлік және республикалық БАҚ журналистері мен редакторлары;

· Тәуелсіз журналистер ұжымдары;

· Бакалавриат немесе магистратура бойынша журналистика факультетінің соңғы курсында оқып жүргендер;

· Өзінің мультимедиалық жобаларын құру және ілгерілету бойынша тәжірибесі бар мамандар.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

· Мультимедиалық жобалармен жұмыс жасау тәжірибесі – аса маңызды;

· Ағылшын тілін еркін білгені дұрыс, алайда оқыту шәкіртақысын тағайындау кезінде бұл шешуші фактор болмайды. Қажет болған жағдайда ағылшын тілінен орысшаға және қазақшаға аударма ұсынылады;

· Қазақстанның өңірлерінен қатысатын тұлғалар ұсынылған өтінім үлісінің негізінде өздерінің жол шығындарының өтелетініне үміттене алады.

· Қазақстан Республикасының азаматтығы.

Қажетті құжаттардың тізімі:

· Толтырылғын өтінім үлгісі;

· Екі мақала / немесе эфирге шыққан талдама мазмұнындағы 2 бейне-сюжет. Талаптанушылар өздерінің материалдарына сілтеме ұсынса немесе өтініміне Word.doc форматындағы мақаласын қоса жіберсе жеткілікті;

· Өтінішкердің кәсіби тәжірибесіне әділ баға бере алатын екі жұмыс берушіден немесе әріптестен мінездемелік хат;

· Жоғарғы білім дипломының көшірмесі («Журналистика» мамандығы бойынша болғаны дұрыс). Өзге жағдайда БАҚ-тағы кәсіби жұмыс тәжірибесі назарға алынады. Университеттің соңғы курсында оқып жүрген студенттер оқу орнынан анықтама қағазды ұсынуы керек;

· Жеке куәлігінің көшірмесі;

Байқау жеңімпаздары* бас редакторының / бірінші басшысының 2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың маусымына дейінгі аралықта бес аптаға созылатын «iMedia Project» жобасында оқыту курсын өтуге келісімін берген ресми рұқсат қағазын ұсынуы тиіс.

Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады:

· I кезең: байқау өтінімдерін қарау;

· II кезең: қазылар алқасымен жеке сұхбаттасу.

Байқау өтінімдерін қарау тәртібі:
· Өтінімдерді қабылдаудың ең соңғы мерзімі – 2014 жылғы 10 қыркүйек, сәрсенбі (Астана уақыты бойынша сағат 17:00). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өітінімдер қаралмайды.

· Өтінімнің электрондық үлгісін сіз мына жерде толтыра аласыз: http://www.jotform.me/form/41607636137455

· Сіздің электрондық мекенжайыңызға байқауға қатысу туралы өтініміңіздің тіркелгенін растайтын хат келіп түседі.

· Байқауға келіп түскен өтінімдердің барлығын құрамына белгілі қазақстандық журналистер мен қоғамдық қайраткерлер кіретін тәуелсіз беделді қазылар алқасы қарайтын болады. Қажет болған жағдайда қазылар алқасы өтінішкерден қосымша ақпаратты сұрау құқығын өзіне қалдырады.

Толық ақпаратты төменде көрсетілген тұлғалардан ала аласыздар:

Дария Цыренжапова
Медиа бағдарламасының үйлестірушісі
Сорос-Қазақстан Қоры
E-mail: dtsyrenzhapova@soros.kz
Тел.: +7 727 250 38 11 (і/н: 105)
Ұялы тел.: +7 777 779 71 09

Әсел Берімжарова
Қазақстан Баспасөз клубы
E-mail: press@pressclub.kz
Тел.: +7 727 264 71 13
Ұялы тел.: +7 701 749 02 00

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі