//

“Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келуі мүмкін”: шетелдік медиа аккредитациясыз қалуы мүмкін

153 рет қаралды
“Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келуі мүмкін”: шетелдік медиа аккредитациясыз қалуы мүмкін
фото: Gemini AI

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік БАҚ өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеу тәртібін өзгертетін бұйрыққа қол қойды. Енді министрлік «ұлттық қауіпсіздік мүдделерін» сылтауратып аккредитациядан бас тарта алады немесе оны кері қайтару мүмкіндікке ие.

№ 11-1-4/573 бұйрыққа 15 қазанда қол қойылды. Ол 19 қазанда Әділет министрлігінде тіркеліп, 22 қазанда нормативтік құқықтық актілер базасында жарияланды. Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң, яғни қараша айының басында күшіне енеді. Бұйрықты Бас прокуратура, ҰаҚ-пен және Мәдениет және ақпарат министрлігі мақұлдаған.

Не өзгереді?

  • «Ұлттық қауіпсіздік мүдделері» аккредитациядан бас тартудың, оны кері қайтарудың, ал журналистер үшін тоқтата тұрудың жаңа негізіне айналды.  Өкінішке қарай,  бұл негіздің нақты өлшемдері көрсетілмеген.
  • Бас тарту туралы шешімде себебін негіздеу талабы алынып тасталды.
  • Шетелдік БАҚ өкілдігін аккредиттеу мерзімі бес жылдан екі жылға қысқарды.
  • Өкілдіктер жыл сайын 30 қаңтарға дейін СІМ-ге есеп тапсырады. Онда журналистер туралы мәлімет, материалдар саны, негізгі тақырыптар және ең маңызды жарияланымдардың көшірмесі болуы тиіс.
  • Алты ай бойы жарияланымның болмауы бұрын тек аккредитацияны кері қайтаруға негіз болса, енді журналисті аккредитациялаудан бас тартуға және оны тоқтатуға да негіз болады.
  • Аккредитация кері қайтарылған жағдайда, құжаттарды бір жылдан кейін ғана қайта тапсыруға болады. Бір жыл өтпей тұрып құжат қайта тапсырылса, бұл да бас тартуға негіз бола алады.
  • Өкілдіктің аккредитациясын тоқтату мерзімі енді үш аймен шектеледі. Бұрын мұндай шектеу болмаған.

Журналистердің аккредитациясын кері қайтарудың бұрынғы негіздері сақталады. Олардың қатарында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19 және 20-баптарын сақтамау және жұмыстың мәлімделген мақсатқа сәйкес келмеуі бар.

Неге маңызды?

Шетелдік БАҚ-тарды аккредиттеу мәселесі бұрын да дау тудырған. 2024 жылдың қаңтарында СІМ «Азаттық» радиосының 36 тілшісіне аккредитация бермеген немесе оны ұзартпаған. Сол жылдың қыркүйегінде Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) аккредитацияны ұсақ әкімшілік бұзушылықтар үшін де кері қайтаруға мүмкіндік беретін жобаға алаңдаушылық білдірген.

Жаңа бұйрыққа ресми немесе журналистік қауымдастықтың пікірі әзірге белгісіз.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар