//

Ресей Украинамен үшжақты бейбіт келіссөздерді қайта бастауға келісті

60 рет қаралды
Russian President Vladimir Putin speaks during a meeting with Chinese Premier Li Qiang in Saint Petersburg, Russia, October 21, 2026. Sputnik/Gavriil Grigorov/Pool via REUTERS ATTENTION EDITORS - THIS IMAGE WAS PROVIDED BY A THIRD PARTY. photo: PBS.org

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың делдалдығымен Украинамен үшжақты бейбіт келіссөздерді қайта бастауға  келісті. Кремльдің мәлімдеуінше, жаңа кездесу 10 қарашадан кейін өтуі мүмкін.

Бұл туралы Путиннің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков 21 қазанда хабарлады. Оның айтуынша, келіссөздерде соғыс аяқталғаннан кейін «Ресей мен Украина үшін қауіпсіздік жүйесін құру» мәселесі басты назарда болады.

Санкт-Петербургтегі үш сағаттық кездесу

Шешім Путиннің АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен Санкт-Петербургтегі Константин сарайында өткен кездесуінен кейін жарияланды. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды. Оған Юрий Ушаков пен Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысты, ал Джаред Кушнер бейнебайланыс арқылы қосылды.

Уиткофф келіссөздерде «белгілі бір серпін» бар екенін айтты. Ол Ресейдің дизель отынының экспортына салынған тыйымды алып тастағаны үшін Путинге алғыс білдірді. Путин өз кезегінде АҚШ-пен экономикалық байланыстарды қалпына келтіруді қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Ізгі ниет белгісі ретінде Ресей Украинада жалдамалы әскер ретінде соғысты деген айыппен төрт жылдан астам түрмеде отырған зейнеткер американдық мұғалім Стивен Хаббардты босатты. Уиткоффтың айтуынша, бұл Трамптың Путиннен жеке өтінуімен жасалды.

Ословтан Мәскеуге дейін

Уиткофф бұған дейін, 20 қазанда, Норвегияның астанасы Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Еуропа көшбасшыларымен кездесті. Зеленскийдің айтуынша, онда Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру, басып алынған аумақтардың тағдыры, соғыстан кейінгі қалпына келтіру және ықтимал атысты тоқтату мәселелері талқыланды.

Зеленский қайта басталатын келіссөздерді құптады. Бірақ ол Украинаның болашағына, әсіресе аумаққа қатысты шешімдер Киевтің тікелей қатысуымен ғана қабылдануы керек деп есептейді. Оның пікірінше, соғысты тоқтатудың ең нақты жолы қазіргі шептерде қақтығысты «тоқтату» болып отыр.

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре Ресей дипломатияға мүмкіндік іздей бастағандай, бұл келіссөздердің «жаңа кезеңі» болуы мүмкін екенін айтты.

Вашингтон Киевке қысымды күшейтті

Сонымен бірге Трамп Зеленскийге қысымды арттырып отыр. «Біз Зеленскийдің келісімге келгенін қалаймыз», – деді АҚШ президенті 20 қазанда Ақ үйде. Оның айтуынша, келісім болмаса, «бұл өте жаман болады».

Бұған дейін тараптар биыл үш рет үшжақты келіссөз жүргізген: қаңтар мен ақпанда Әбу-Дабиде және ақпанда Женевада. Бірақ олар тұтқын алмасудан басқа айтарлықтай нәтиже бермеді.

Шабуылдар толастар емес

Келіссөздер туралы хабарға қарамастан тараптар бір-біріне соққы беруін жалғастырып жатыр. Украина билігінің мәліметінше, 21 қазанға қараған түні Ресейдің шабуылынан бес адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Киевте үш адам қаза тапты. Ресейдің соққылары Киев пен тағы үш қаладағы энергетикалық нысандарға бағытталды. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі түнде 373 украиндық дронды атып түсіргенін мәлімдеді.

Сарапшылар қыс жақындаған сайын Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар электр мен жылу тапшылығына әкелуі мүмкін деп алаңдап отыр.

Дереккөздер: Jas Alash,

AP/PBS NewsHour, Al Jazeera

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар