//

Республика күні: мерекені қалай өткіземіз?

137 рет қаралды
фото: Gemini AI

Бүгін – Республика күні. Мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауысты. Бес күндік жұмыс аптасындағылар 24–26 қазан аралығында үш күн демалады. «Мінбер» елорда мен Алматыдағы мерекелік іс-шаралар жөнінде ақпарат ұсынады.

Бүгін елдің барлық өңірінде Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді. Ал театр мен концерт сүйетіндерге таңдау мол.

Астанада

  • Қазақ ұлттық музыкалық драма театры – Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «Елімнің еркін үні» мерекелік концерті.
  • Ұлттық мұражай – Тәуелсіздік залында Республика күнінің тарихына арналған тақырыптық экскурсия.
  • 17:00 – Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда Татьяна Вицинскаяның «Дауыс сиқыры» концерті.
  • 18:00 – Әзербайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклі.
  • 18:00 – Бейбітшілік пен келісім сарайында World Designers Fashion Week Astana 2026 сән апталығы.

Алматыда

  • 18:30 – Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында «Ақбілек» спектаклінің премьерасы. Жүсіпбек Аймауытовтың романы сахнаға қайта оралады.
  • 20:00 – Республика сарайында Ернар Амандықтың концерті.
  • М. Лермонтов атындағы орыс драма театры – балаларға арналған «Менің Отаным – Қазақстан» интерактивті квесі мен мерекелік концерт.

Көптеген іс-шараларға билет немесе алдын ала жазылу қажет, сондықтан барар алдында орындар бар-жоғын тексеріп алыңыз.

Мереке қарсаңында «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік мекемелердегі балаларға концерттер қойылды. Әлеуметтік желілерде #25Қазан және #RepublicDay хэштегімен «Менің Қазақстаным» челленджі жүріп жатыр.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-і Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады. Бұл тарихи құжат туралы саясаткер Қазбек Бейсебаевпен сұхбатты «Мінбердің»  Youtube арнасынан тамашалай аласыз.

Республика күні құтты болсын!

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар