//

Дәрігерлер сәбилердің нутрициологиялық мәселелеріне байланысты бас қосты

855 рет қаралды

Наурыздың 28-і күні Алматыда  «Nestle» компаниясы жүзеге асырып жатқан «Сәбидің саулығы- алғашқы күннен» деп аталатын бағдарлама шеңберінде  «Нәрестелерді тамақтандырудағы көкейтесті мәселелер» атты конференция өтті.  Конференцияға 200-ден астам дәрігер қатысты.  Конференция барысында Қазақстандағы сәбилердің  нутрициологиялық мәселелері, туылғанан бастап 1 жасқа дейін ана сүтімен қоректенудің маңызы, нәресте,мәзіріндегі тағамдардың ағзасының дамуына әсері жайлы сөз болды. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті тағамтану кафедрасының доценті, нутрициолог дәрігер Светлана Ахметова қатысып, қызметтестерімен іс-тәжірибесімен және зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, Казақстанда 6 айға толмаған сәбилердің 32 пайызы ғана тек ана сүтімен қоректенеді екен. Бір жасқа дейінгі  сәбилер арасында тек ана сүтімен азықтанатындар саны 41 пайызды, ал 2 жасқа дейінгі балалар арасында-26 %-ды құрайды. Балалардың 48%-ы 6-8 айында қатты, жартылай жұмсақ және жұмсақ тағамдарды жей бастайды. Сәби ағзасына бейімделмеген тағамдармен қоректенетін балалардың бойында алларгиялық реакциялар жиі байқалады екен. Ана сүтімен өскен нәресте демікпе, дерматит, отит, ас қорыту, жолдары және өзге де сырқаттармен көп жағдайда ауырмайтын көрінеді.
Балалардың ана сүтімен қоректенуі жайлы спикер болған Светлана Ахметова былай дейді:- Балаға қажеттінің бәрін, барлық дәрумендер мен пайдалы заттарды «таза» күйінде ана сүтінен ғана табуға болады. Ана сүті туғаннан кейін баланың 6 ай бойы дұрыс және толыққанды тамақтануын қамтамасыз ете алады. Бірақ, өкінішке орай өмірде баланы табиғи жолмен қоректендіруге мүмкіндік болмай қалып жататын кездер де аз кездеспейді. Нутрицилогия ғылымы бір орында тұрмайды. Ол үнемі өзгереді. Себебі, біз өмір сүріп жатқан орта өзгеріске ұшырап, ағза, балаларға арналған тағамдардығ қоспасы да өзгеруде. Бұл жаңа туған сәби үшін қауіпті».

Соңғы он жылда баланы әртүрлі қоспалар арқылы тамақтандыратын көптеген аналар, бүгінде балаларын өз сүтімен қоректендіруге тырысады екен. Мұндай шешімге Светлана ханымның баяндамасынан білдік. Қазақстандағы 60% әйел заты бөбектерін өз сүттерімен емізетін көрінеді. Түрлі қоспалар мен езбелерді дұрыс пайдаланбау немесе дәрігерлер кеңесінсіз үлкендікке салып түрлі тағамдарды беру бала организмінің дамуын тежеуі немесе ауруға шалдығуына әкеліп соғуы мүмкін.  Сәбилерді біз кішкентай деп тәттімен алдауымыздың өзі дамушы ағзаға кері әсер етеді. Тәттіні жеу салдарынан баланың тісінің тотықтануы мен асқазанына көп мөлшерде ақуыз түсіп, ауыртпалық салады.
Нестле компаниясының Еуразия аймағындағы бөлімшесінің жетекшісі Дария Айтмұқанова болса: -Ата-аналардың дені сау ұрпақ тәрбиелеуі үшін біздің компания үнемі жұмыс істеуде. Қазақстанда жастар көп. Оларға баланы дұрыс тамақтандыру жағынан кеңестер жетіспей жатады. Ана сүтінің артықшылықтарын ұғынып, сәбиінің дұрыс тамақтануына, елінің еңселі азаматы болуына үлес қоса білулері керек-, дейді.
Атам қазақ баласын туылғаннан бастап ана сүтімен емізіп, сол ақ сүт арқылы тегі мен жанының, ұстанымдары мен салт-дәстүріне баулыған.  Ана сүтінің құдіреттілігі мен пайдалылығын ғалымдар мен дәрігерлер де мойындау үстінде.


Рысгүл Мәтжанқызы

Суреттер: flickr қолданушысы  _aster_,  Lala Kamzina,  valdagua,  Mar Nova-дан
Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі