Киберқылмыс және интернеттегі заңсыз әрекеттер деген не?

1394 рет қаралды

Жалғасы. Басы өткен апталарда жарияланды

Авторы: Дэниел Ларкин

Интернеттегі сауда-саттықтың салдарынан онлайн режимде де қылмыс кездеседі. Құқыққорғау мекемелері ғаламтордағы қылмысты тізгіндеу үшін жаңа әдіс-тәсілге көшті.

Дэниел Ларкин – Федералды Іздеу бюросы жанындағы  Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы бөлімінің жетекшісі. 

Орталықтың сарапшылары техникалық тұрғыдан күрделі болатын қылмыстарды тергеу ісін неғұрлым жылдам бастау керек деген ұйғарымға келді. Осы мақсатта Орталықтың аясында Ресурстардың бірлігі мен кибернетикалық бастамалар бөлімі деген атқа ие болған арнайы құрылым ашылды. Ол Пенсильвания штатының Питтсбург қаласында орналасқан. Бөлімнің мамандары шындыққа жанаспайтын мәліметтерді сүзгіден өткізіп, қылмыстық істі жергілікті немесе халықаралық құқық қорғау ұйымдары немесе құрылымдарына жолдамастан бұрын орын алған оқиғаның дәлелдерін салыстырады.

Бөлім киберқылмыскерлердің негізгі нысаны саналатын бірнеше халықаралық ұйымдардың оның ішінде жұмыстарын онлайн жүргізетін компаниялардың қолдауына ие болады. Олардың арасында «Майкрософт», eBay/PayPal және «Америка онлайн»,  Бизнеске арналған бағдарламалық қамсыздандырулар қауымдастығы, Тікелей маркейтинг қауымдастығы, Сауда тәуекелдері кеңесі, Қаржы қызметтерінің индустриясы және тағы басқа өндірістік-сауда қауымдастықтары жатады. Аталған ұйымдардың киберқылмыспен айналысатын сарапшылары мен тергеушілерінің көпшілігі Ресурстардың бірлігі мен кибернетикалық бастамалар бөлімімен бірлесіп, нақтылы қылмыстық істі рәсімдеуде немесе әртүрлі елдердің құқыққорғау мекемелеріне хабарлауда көмектеседі.

Ресурстардың бірлігі мен кибернетикалық бастамалар бөлімінің аясында қылмыстың қай жерде орын алғанын және оны кім жасағанын, онымен қалай күресу керектігін анықтайтын федералды агенттер, өндірістік кәсіпорындардың мамандары мен ғалымдары жұмыс істейді. Әлдебір фирмадан нақтылы мәселе жөнінде сұраныс келіп түскенде Бөлімнің қызметкерлері кәнігі қылмыскерді тауып қана қоймай оның жасаған қылмысының әдісін зерттеуді де қолға алады. Бұдан кейін арыз-шағымдарды қарастыру орталығы бұқараға қылмыскердің әрекетін әшкерелеп, одан қорғанудың жолдарын өз сайтында немесе өзге де ақпарат тарату жолдары арқылы ескертеді.

Компаниялар мен азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарды тергеушілер әріптестері мен экономиканың өзге де секторы мамандарымен 6-12 ай көлемінде бірлесе зерттейді. Интернеттегі заңсыздықтардың бірсыпырасына төмендегілер жатады:

Сілтемелер: қылмыскерлер ұрланған немесе жалған карта көмегімен тауар сатып алып, оны сыбайластарына жолдап, тауардың орамасын өзгертіп шетелге жолдайды. Сатушы кредиттік картаның жалғандығын анықтап үлгергенше тауар өзге елге кетіп қалады. Мұндай күрделі қылмыстық істі жүзеге асыруға АҚШ-та арнайы ұйымдасқан бірнеше топ немесе бейкүнә адамдар да қатыстырылады.

Қылмыстық спам: алушының рұқсатынсыз жолданған жаппай электронды хат тарату ісі әдетте қаржылық қитұрқылықтар мен кредиттік карталарды жымқыру, жеке басқа қатысты мәліметтерді ұрлау және тағы басқа қылмыстық әрекеттерді жасау үшін жасалады. Спам сонымен қатар компьютер немесе серверге килігіп, өзге компьютерлерге вирус пен басқа зиянды программаларды тарату үшін де жолданады.

Фишинг: Құпия сөздер мен қаржылық мәліметтерді ұрлау жолы. Ол үшін қылмыскерлер электронды пошта немесе сайт тәрізді электронды байланыс құралдары арқылы ресми компания немесе сенімге ие адамдардың атынан хабарласады.

Жеке басқа қатысты мәліметтерді ұрлау: заңды бұзушы адам әлдебір адамның идентификациялық мәліметтерін ұрлап алып қылмыс жасағысы келгенде қолданады. Кей кездері аз ғана мәліметтің өзі заң бұзушыға өзін сол адамның атынан әрекет етуге мүмкіндік беруі мүмкін.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі