Сүйінші хабар!
Қымбатты оқырман!
Осыдан үш ай бұрын дәстүрлі «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты семинар-тренингіне қатысу үшін «Мінбер» сайтында арнайы байқау жариялаған едік. Биылғы «Мінбердің» дәстүрлі семинары аймақтарда өтетіндігі жайында бұған дейінгі хабарландыруларымызда айтқан едік. Біздің семинар-тренингіміздің алғашқысы сәуірдің 20-21-інде Шымкент қаласында, екіншісі 10-12 мамырда Қызылжар (Петропавл) қаласында өз мәресіне жетті. Үшінші семинар-тренинг Өскемен қаласында өтетін семинарға қатысушылар нақтыланды.
Өскемен қаласындағы семинар-тренингке еліміздің шығысынан және солтүстігі мен орталығынан – Астана, Павлодар, Семей өңірінен қатысуға ниет білдіруге болатындығы жайында жазған едік.
Сонымен, осы уақыт аралығында бізге 50-ден астам өтініш келіп түсті. Үміткерлерге қойылған негізгі талап – жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде игерген және проблеманы қалай түсінгендігіңіз сарапқа салынды.
Біз бүгін Өскемен қаласында 31 мамыр және 2 маусым аралығында өтетін семинар-тренингке қатысушылардың тізімін жариялағалы отырмыз. Ал, Атырау қаласындағы семинарға қатысу үшін өтініш беру әлі жалғасады.
Сонымен қатар, мамырдың 31-інде бір күндік дөңгелек-үстел өткізу жоспарлануда.
| № | Қатысушы | Қала |
| 1 | Арнур Турсынгалиевич Айтымов | Семей, Үржар |
| 2 | Жадыра Сейілханқызы Мейірбаева | Өскемен |
| 3 | Жанаргүл Қожамкейқызы | Өскемен |
| 4 | Әсел Алтынбекқызы Бұлғымбаева | Өскемен |
| 5 | Әсел Жұмағалиқызы Берікболова | Өскемен |
| 6 | Ақерке Рағызбаева | Өскемен |
| 7 | Меруерт Серікқызы Молдағалиева | Өскемен |
| 8 | Шынар Ғалымбекқызы Жанабаева | Өскемен |
| 9 | Әлібай Бақытнұр Балтабекұлы | Астана |
| 10 | Бақытбек Хамитұлы | Павлодар |
| 11 | Мұрат Қапанұлы Аяғанов | Павлодар |
| 12 | Асан Саматұлы Мырзаханов | Семей |
| 13 | Гульбаршын Жибекенова | Семей |
| 14 | Құндыз Тілектесқызы Қабылденова | Павлодар |
| 15 | Қасым Азамат Әбілұлы | Өскемен |
| 16 | Әбілхан Серік Құмарханұлы | Өскемен |
| 17 | Дарын Ермекұлы Нұрсапаров | Өскемен |
| 18 | Асем Кайратбекқызы Мамырбаева | Өскемен |
| 19 | Дулат Бакытбекұлы Асембаев | Өскемен |
| 20 | Азамат Тасқараұлы | Өскемен |
| 21 | Арайлым Нығметоллақызы Орсаринова | Өскемен |
| 22 | Индира Нұрмұханбет | Өскемен |
Семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, таяу арада қосымша мәліметтер жеке пошталарына жолданатынын еске саламыз.
Парақшамызға жазылыңыз

Өскемен өңірінде өтетін семинарға қатысушыларға сәт-сапар тілеймін!
Шыгыс онырынде болатын семинарға қатысушыларға сәттілік. шығармашылық табыс тілеймін.
Иә, семинардан калып қоймаңыздар! Сәттілік!