///

Оралмандар ҚР Азаматтығын алу үшін – келген елінің азаматтығынан шыққаны жайлы анықтама қажет емес

3282 рет қаралды
29

 

Мен – Әметов Әли, 2011 жылы қараша айында Қарақалпақстаннан отбасыммен көшіп келдім. Менің 2 ұлым және 1 қызым жанұялаларымен Қазақстан азаматтары. Ал мен жұбайыммен және 1 қызым Өзбекстан азаматымыз. Осы үшеуімізге Қазақстан азаматтығына құжаттарымызды қабылдамай жатыр.Себебі белгісіз.Бізге Өзбекстан елшілігінен Өзбекстан азаматтығын тоқтату туралы анықтамасын алыңдар деген қосымша талап қойды, осы талап орынды ма? Ұлтымыз қазақ. Осы мәселені қалай шешемін? Кімге хабарласуым қажет?
Уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіремін!
Рақмет.

Саламатсыз ба, Әли!

Сіздің сауалыңызға орай біз оралмандар мәселесін жан-жақты терең талдау мақсатында Алматы қалалық Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Ержан Алтаевты әңгімеге тартқан едік.

– Ержан Нұрсұлтанұлы, 2011 жылдың  қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы оралмандардың азаматтық алуын біршама күрделендіріп жіберген еді. Қазіргі бізге жетіп жатқан әңгімеге қарағанда, ол мәселе шешімін тапқан секілді. Осы жайында түсіндіріп бересіз бе?

– 2010 жылдың соңына қарай Қазақстан Республикасының құқыққорғау жүйесін реформалауға байланысты оралмандар мен босқындар, Қазақстаннан баспана іздеушілер ісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Ішкі істер министрлігіне өткізілді. Бұл жұмысты кімнің реттейтініне қарамастан, оның тоқтатылған заңнамалық  нормалар негізінде жүзеге асырылатынын еске салғым келеді.

Бүгінде тарихи мекеніне оралған этникалық қазақтар бірінші кезекте оралман мәртебесін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және көші-қон квотасына қол жеткізіп, еңбекке орналасуға мүдделі.

ҚР Президентінің 2011 жылдың 22 шілдесіндегі Жарлығы бойынша «Халықтың көші-қоны туралы» заңның жаңа редакциясына қол қойылды. Осыған орай оралмандармен жұмыс істеуде де біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Оралман» түсінігінің өзі кеңейтілді. Оралман – Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін шет мемлекеттерде тұрақты тұрып келген, Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында қоныс аударған этникалық қазақ. Демек, шетелден қоныс аударған қазақ, тиісті тәртіптер негізінде мәртебесін анықтап, соған сай куәлікке қол жеткізген адам оралман болып саналады.

Оралман мәртебесін алу үшін отағасы немесе отбасының кәмелет жасқа толған бір мүшесі Көші-қон полициясы басқармасына өтініш жасай алады. Өтінішпен қоса, өмірбаян, өтініш иесінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының (төлқұжат, кәмелетке толмаған балаларының туу туралы куәлігі), төмендегі құжаттардың: некеде тұрғаны туралы куәліктің немесе ажырасқаны туралы куәліктің, аттестат, диплом, әскери билет немесе еңбек кітапшасының (оралман мәртебесін алуға сай ма, жоқ па, соны анықтау үшін көрсетіледі) көшірмесі қоса тапсырылады. Өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің мәліметтері «Оралман» электрондлы базасы арқылы тексеріледі. Бұл оның Қазақстанның басқа да өңірлерінде тіркелген, тіркелмегенін анықтау үшін қажет. Егер, оның басқа өңірлерде тіркелгендігі анықталатын болса, екінші тіркеуге алынбайды. Ондай жағдайда өтініш беруші құжаттарын бұған дейін өткізген жерден жаңа тіркелу орнына ауыстыру жөнінде Көші-қон полициясы басқармасына өтініш бере алады. Өтініш өтініш беруші қажетті құжаттарды қажетті деңгейде өткізе алмаған жағдайда ғана қабылданбайды.

Оралман куәлігі отбасындағы әрбір кәмелетке толған мүшеге беріледі. Кәмелетке толмаған балалары өтініш берушінің куәлігіне тіркеледі.

Оралман мәртебесі тек бір жылға ғана жарамды. Оралман және оның отбасы мүшелері тарихи отанына тұрақты тұру мақсатында келгенін ескере отырып, олар бір жылдың ішінде жеңілдетілген түрде құжаттарын Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға өткізу керек. Егер бір жыл ішінде оралман мәртебесінде болған азамат Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға өтініш білдірмесе, оның оралман мәртебесі тоқтатылады да, жай этникалық қазақ дәрежесінде қалады.  «Халықтың көші-қоны туралы» заңның жаңа редакциясында этникалық қазақ ретінде, бұл – шетелдерде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам деп анықталған. ҚР территориясына келген этникалық қазақтар есеп-шотында 1 миллионнан астам қаржы болу қажет делінген жалпыға бірдей таралған міндеттен босатылады және ҚР азаматтығын жеңілдетілген түрде алуына құқығы бар.

ҚР азаматтығын жеңілдетілген түрде алу дегеніміз – олар басқа шетел азаматтары секілді Қазақстан аумағында бес жыл тұрақты тұруға міндетті емес.

– Ал, келген елінің азаматтығынан шыққаны жөнінде анықтама талап етілетін болды деп еді. Бұл мәселе шешімін тапты ма?

–  Алматы қаласына келген этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері ҚР азаматтығын алу үшін тіркелген жеріне орай аудандық көші-қон полициясы бөлімшелеріне бара алады. 2011 жылы Алматы қаласы бойынша ҚР азаматтығын 1503 шетел азаматы қабылдаса, соның – 593-і оралмандар. 2012 жылдың басынан бері – 10 оралман азаматтығын қабылдады. Оның бесеуі – 5-і Қырғызстаннан, 5-і Ресейден. Азаматтықты қабылдаған оралмандардың санының бұлай азаюы – 2011 жылдың тамыз айынан «ҚР азаматтығы туралы» заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға орай, оралмандарға ҚР азаматтығы жеңілдетілген түрде беріледі, алайда келген елінің азаматтығынан шыққаны жөнінде анықтама талап етілетін болды. Бұл үлкен қиындыққа душар етті. 2012 жылдың 27 сәуірінде Елбасы «ҚР жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беретін әртүрлі заңнамалық актілер мен нормалардың арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №15-V  заңына қол қойды.

Бұл заң аясында «ҚР азаматтығы туралы» заңға да өзгертулер енгізіліп, этникалық қазақтар мен олардың ұрпақтары үшін қажетті құжаттар қатарынан келген елінің азаматтығынан шыққаны жайлы анықтаманы көрсету туралы талап сызылып тасталды. Енді этникалық қазақтар келген елінің азаматтығынан шыққаны жайлы анықтаманы әкелмей-ақ, құжаттарын өткізе алады. Өтініш үш ай бойы қаралады. Үш айдың ішінде оралман азаматтыққа қабылданған, қабылданбағаны жайлы жауап ала алады.

– Ержан Нұрсұлтанұлы, сүйінші ақпаратыңыз үшін рахмет! Бұл оралмандарды қуантып тастайтын болды. Сондай-ақ, жақында ІІМ оралмандарға бөлінетін көші-қон квотасының тоқтатылғанын мәлімдегені белгілі. Оралмандарға берілетін жәрдемақы осымен тоқтатыла ма? «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жайында түсіндіре кетсеңіз…

– «Халықтың көші-қоны» туралы заң бойынша, көші-қон квотасы – ҚР Үкіметі анықтаған заңдық нормалар негізінде әлеуметтік көмек көрсетілетін оралман отбасылардың саны. Көші-қон квотасы ең алғаш 1993 жылы енгізілді. Бұл квотаға енген отбасылар мемлекеттің қолдауына ие болды. Соңғы жылдары жыл сайын тоқтатылып келген көші-қон квотасы орындалмай келді. 2011 жылы республика бойынша, көші-қон квотасы тек 40%-ға ғана орындалды. Алматы қаласы бойынша – 46 пайыз. 2012 жылы ҚР үкіметі көші-қон квотасын тоқтатты. Қазіргі сәтте Үкімет оралман отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік кепілдендірілген жәрдемақының механизмін анықтап жатыр. Бәлкім, бұл мәселеде  шет мемлекеттердің іс-тәжірибесіне терең бойлау қажет секілді.

Сонымен қоса, оралмандар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатыса алады. Бұл бағдарламаның мақсаты – халықты өнімді және тұрақты еңбекпен қамту арқылы олардың өмір сүру деңгейін көтере алады. Бұл бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Бұл бағдарлама аясында мемлекеттік қолдаудың төмендегідей түрлері көрсетіледі: оқу мәселелері жөнінде кеңес, еңбекке орналастыру, психологиялық бейімдеу, кәсіби деңгейін көтеруге арналған курстарда тегін оқыту, оқуға материалдық көмек беру, мамандығына сай келетін жұмыс орындарын іздеу, жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне жіберу, жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың еңбекақысын төлеу.

Жұмыс іздеуші, әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуды қалайтын оралмандар, толығырақ мәлімет алу үшін  Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығына (телефондары: 291-03-12, 2-91-73-30) хабарласуына болады.

– Әңгімеңізге рахмет!

«Мінбер-ақпарат».

Парақшамызға жазылыңыз

29 Comments

  1. Ел үшін, мына әр кім өз басын күйттеген заманда, мынандай қыруар шаруа атқарған журналиске-Мінбер-ақпаратқа мың мәрте рахмет айтамын. Еңбек бағаланады. Ең болмағанда халықтың батасын аласыңдар!

      • Мен исаева райхан 6 баламмен қазақстанға узбекістаннан келдім бес баламның жəне өзімнің азаматтығымды алдым бірақ 1993жылы туылған баламның азаматтығын ала алмай жүрмін соған қалай азаматтық алам өтініш көмектессеңдер екен

        • Сәлем, мен Сапакова Оразгүл, Өзбекстан азаматтығынан бас тартып, Қазақстанға көшіп келдім екі ұл, бір қызым бар, өзім қарақалпақ, ұлты болам. 2021жыл июль айында көшіп келгенмін. Қазірде маған ықтиярхат бере ме, өтініш, балаларым Қазақстан азаматтары.

  2. Журналистер осы мәселені өте жиі көтеріп еді, ақыры қозғау салған екен ғой, көп рахмет!

    • Меніңше, осы мәселені көндіккен сыңай танытып, үндемей қоя салғанда мұндай нәтижеге жетпес едік. Шын мәнісінде журналистердің үнемі әңгіме өзегіне айналдыра бергенінің нәтижесі осы. Демек, қоғамдық пікірдің пайдасын көретін күн алыс емес.

  3. 2012 жылы көшіп келген оралмандарға квота беріліме ? берілмесе қандай көмектер бар.Үй алуға ақшасы жоқ , мүгедек баласы бар. Оралмандардың азматтық алу туалы сұрағым бар? Алматы облысы Ескелді ауданы

  4. журналист ага сизге бир отинишим бар, казакстан азаматтыгын алу ушин кандай кужаттар тагайындау керектигин аныктап берсениз, тиисти органдар акпаратты толыгымен бермейди

    • Үкімет белгілеген облыстарға келер болсаңыз квота береді

  5. Паспортты озбекстан есебинен шыгарганнан кейин,озбекстан азаматтыгынан шыгару туралы аныктаманын кандай кажети бар екен.Мындаган километр жерден келген адамнан сонша кужжат талап ету,не деген сениммсиздик екен.Оралманнын бари бузакы емес кой,(енди шпион деп айтпай ак койайык)соншама сенисиздик билдиретин.Мемилекеттин миллярттаган акшасын жеп, шет елге кашып журген казакстан азаматтары каншама.Оралмандар солардан зиянды емес шыгар.Казакстан сиакты улкен мемилекет,егемендик алганына 20 жылдан асып кетти,осы уакыт ишинде сол оралман маселесин шеше алмай келе жатыр, бул не деген маскара.Осынын барине Депудаттар кинали,20 жыл бойы дурыс зан кабылдай алмай келе жаткан.Килен коркак адамдар депудат болып алган,озиндик ойы жок.Оралманга бизнес жасау ушын жер сурасан жер де бермейди,себеби онын жетим адам екени доументте жазулы тур.(туган жери)Кайда барсан онда бар ешким созинди тындамайды.Сапалы оралманды алу керек деген депудат дурыс айтып отыр,сапалы деп пара бере алатын оралманды айтып отыр,ондай оралмандар да бар шыгар арамызда.Аттен кошип конып жургесин не болсын,бар болса пара берип ак алар едик сол жерди.Балалардын келешегин ойлап кошип келдик,казак мектептер жабылып жаткасын,болмаса ол жакта да аштан олмес едик.Канша казак мекеме бастыгы,курылыс трестин бастыгы,министр болган,аудандык акимдер,калалык акимдер болды.Ташкент горком партиясынын биринши секратары да казак болган,Рашидовтын уакытында.Кай жерде артта калган колхоз,совхоз,мекеме,трест болса сол жерге казакты апарып коятын еди.Сол мекемени 2 жылда алдынгы катарга косып жиберетин еди.Карапайым казактар мактанып журетин едик,соларды айтып.Алматыдагы оралмандардын коби дачада жур,ешкимге ештенени миндетсип журген жок олар да,табылган кара жумысты итеп жур барлыгы да.

  6. Мен қазақстан республикасын азаматын алалмай жүрмін бірде ана қағаз быр де ананы әкел дейды недеген бытпейтын кагаз азаматык алу ұшын кандай қужаттар керек соны маган айтыныздаршы

  7. Монголия мемелекетынен 2011 жылы ата журтыма келіп алі күнге дейн азаматтық ала алмадым

  8. Мен 3 баланың анасымын 4 балама жүктімін. Күйеуім Қазақстан азаматы, менің ықтияр хатым бар, ал болницаға ИИН керек, мен енді не істей алам. Қалай ИИН ала аламын?

  9. Сəлеметсіздер ме? ҚР азаматтығын алу үшін басқа елдің азаматтығынан бас тартқаны яғни шыққаны туралы анықтама қазіргі таңда талап етіледі ма?

  10. Менің бір танысым өзге ұлт бірақ қазақстанда тұрып жатыр оларда бұрын көшіп келген тажикистаннан бірақ оларда тажикистаннын құжаты жоқ олар енді құжатсыз жүре алмаиды сол менің сұрағым олар қалай қазақстанның азаматтығын ала алады

  11. Азаматтық беруді жеңілдетсеңіздер жақсы болар еді ,азаматтық ала алмай жүргеніме 2 жыл болды ,себебі барлық құжаттар толық ,бірақ оралман куәліктің уағы өтіп кеткен ,сондықтан ала алмай отырмын ,көбіңіз ойлайтын шығарсыз неге уағы өтпей тұрғанда алып алмады деп ,ол кезде де алу қиын болды ,ал енді оралман кәлікке жаңа заң шығады деп айтқан оны күткелі 7 ай болды ,студенттік анықтама болса оралман куәлікті керек етпейдә деген ,мен студент емес

  12. Саламатсыздарма сурагым бар еди. Мениң келиним азаматтыкка кужжат тапсырайын деп куни кеше Туркистан обл Ордабасы аудандык коши кон полициясына барган еди .келинимде бар кужжаты бар уакытша куалик оралман куалиги дегендей .бирак келиниме посольствадан Узбекистан азаматтыгынан шыкты деген кужжат керек деп кайтарды.Мундай кужжатсыз ак бир келиним азаматтык алган еди.Сондада келинимди кишкене бопесимен Алматыга жибердим ол жакта посольствада 110 доллор толейсин тагы нотариус 8000 теңге депти.Мундай акша жок менде .Енди не истеймин .Интернеттен окысам ондай заң алып тасталған дегенди окыдым 2012 жылы сәуирден бастан номири 15 заңның 5бабы дейилген Осы дурыспа енди келиним не истеу керек Алдын ала рахмет

  13. мен өзбекістан азаматымын жасым 23 те армияға бармадым қайтып қазақстан азаматтығын аламын жауап күтемін 23наурыз2019

  14. мен өзбекістан азаматымын жасым 23 те армияға бармадым қайтып қазақстан азаматтығын аламын қандай документтер керек жауап күтемін 23наурыз2019

  15. Саламатсызба біз 2009 жылы ҚР ға отбасымызбен ӨзбР нан көшіп келдік. Барлығымыз қазірде төлқұжат алдық. Енді ең кішкентай сіңілім алуы керек болатын бірақ адамды сабылтып тастады. Әке шешесінің азаматтыққа кезінде қабылданғаны жөнінде құжат керек екен бұл қашан шыққан заң.

  16. Мен роза менің ата анам 2016жылы көшіп келген олар отбасым қазақстан азаматы мен базаға тіркелми қалғанмын маған қазақстан азаматтығын берми жүр әлі күнге диін нестесем болат ата анам үлкен кісілер сауаты болмағасын айтпаған базаға тірке деп менің жасым 17де әлі күнге диін азаматық ала алмай жүрмін оқуғада түсе алмай жұрмін

    • Осында телефон нөміріңізді қалдыра аласыз ба?

minber жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері