//

Вахталық әдіспен жұмыс жасау

1718 рет қаралды

Сәлеметсіз бе!
Қызметкер 14/14 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын, оны демалыс вахтасында жұмыстан шығар деп Жұмыс беруші бұйрық берсе, онда оны жұмыстан шығару қалай болады? Оның себебі ретінде, алдыңғы вахтасындағы масаңдыққа жүгініп шығарылған шешім болса, Жұмыс берушінің жұмыстан шығару тәртібі қалай болады?

Жауабы:
Ауысым аралық тынығу кезінде жұмыс беруші оны жұмыстан шығаруға құқығы жоқ.  212-бап бойынша вахта деп  объектiде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең есептеледi.
Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
ҚР АК   210-бабына сәйкес вахталық әдiс, қызметкерлердiң тұрақты тұратын жерiне күн сайын қайтып келуi қамтамасыз етiле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде еңбек процесiн жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
2. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлер жұмыс өндiрiсi объектiсiнде болған кезде оларды тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан керi жеткiзiп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау жағдайларымен және ауысымаралық  демалыспен қамтамасыз етуге мiндеттi.

213-бапқа сәйкес вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде жұмыс
уақыты және тынығу уақыты есепке алынады
1. Жұмыстың вахталық әдiсi кезiнде айлық, тоқсандық немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең iшiндегi жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленедi.
2. Есептiк кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс берушi
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейiнгi және одан керi қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептiк кезеңдегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңiнде бөлiп беруге жол берiлмейдi.
4. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн әрбiр қызметкердiң жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебiн ай бойынша және барлық есептiк кезең бойынша жүргiзуге мiндеттi.

56-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын
бұзу тәртiбi
1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмыс берушi осы кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бiр ай бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi. Қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен еңбек шартын бұзу ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі