//

Жұмыстан кетуіме бола ма?

1546 рет қаралды
4

 Сәлеметсіз бе, мен жұмыстан шығу туралы арыз жаздым. Арызда 1 тамыздан бастап босатуынызды сұраймын деп көрсетілген, бірақ әлі босатпай жатыр. Жұмыстан кетіп калуыма бола ма? Арыз неше күннен кейін күшіне енеді?

Жауабы:                   

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 57-бабына сәйкес қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі көрсетілген. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын

өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.

Сондықтан жұмыстан шығу жөнінде арызыңыз негізінде сізді 1 қыркүйекте ғана жұмыстан босату жөнінде бұйрық шығарылады.

Жанерке.  

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Сәлеметсіз бе! Мекеме қызметкері ҚР Еңбек Кодексінің 72 бабының 2,3 тармақтарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған. Дегенмен осы қызметкер 2 күн делелді себепсіз жұмыста болмады деп тікелей басшысы хабарлама жазып отыр, осы қызметкерді қалай жұмыстан босатуға болады ?

  2. салеметсиз бе еңбек демалысынан кейін , жұмыстан шығу туралы арыз жаздым.Арыз неше күннен кейін күшіне енеді?демалысқа шықпас бұрын ескерттім.

  3. Мен мектепте жұмыс жасаймын ауысу бойынша жұмысқа орналастым осыдан он күн бұрын енді арызымды жазып апарсам жұмыстан шығармай жатыр неге? қазір жұмыстан қалай шығуға болама?

  4. Саламатсыздарма? менің сіздерден білгім келетіні 58жаспен зейнеткерлікке шығып лауазымдық орнын босата отырып, қазіргі кезде 20-15 сағатпен жұмыс жасауына боладыма? мамандарға сағат саны жеткілікіз беріліп отыр. мысалы жас мамандар -6-9 сағтпен, жүрсе 5-10 жыл арасындагы жасағандар 10-12 сағтпен қана жүр осыны қалай шешуге болады заңдылығы бар ма? Зейнеткерлікке қалып 60-65мың алса 20-15 сағатпен 60-65 қоса алуы қалай болады? сағтсыз жүргендер саны көп бола тұра?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі