//

Шыңғыс Айтматовтың белгісіз романы табылды

681 рет қаралды
1

Кеңес әдебиеті классигі, Қырғызстанның Халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қызы әкесінің кабинетінен бұрын жарық көрмеген романын тауып алды, деп хабарлайды Би-би-си.

Шырын Айтматованың сөзіне қарағанда, баспа бетінен әлі шықпаған роман “Земля и флейта” деп аталады. Онда ХХ ғасырдың 1940-шы жылдары Қырғызстанның Үлкен шу арнасының құрылысына қатысқан адамның тағдыры баяндалған.

«Ер адам қартайып, ешкімге қажетсіз болып қалғанда өмірінің сол бір кезеңі мен кездескен қызын еске алады», деді жазушының қызы.

Айтматова әкесі сол уақыт тұрғысынан алғанды «тым ерсі тақырып» болғандықтан кітапты баспаға бермеуі мүмкін екендігін айтыпты.

Шырын Айтматованың сөзіне қарағанда, бір жылдың ішінде бұл роман орыс тілінде жарық көреді, одан кейін ағылшын тіліне аударылады.

Дереккөз: bnews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. 1. Мұқтар Шаханов ағамыз біледі ме?
    2. Қазақшаға неге аударылмайды?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі