//

Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді білуі тиіс

856 рет қаралды
5

– Мен сөйлегім келмеп еді, алайда сіз мені мәжбүрледіңіз. Туғанымыздан өз тілімізде емес, басқыншылардың тілінде сөйлеп келеміз. Президентіміздің контсруктивті саясатының  арқасында қазақ тілін үйренуге барлық жағдай жасалып отыр. Сіз Президент үміт артқандардың бірісіз. Сіз – Қарағандыв облысының тумасысыз. Сіздің жерлестеріңіздің бірі – Светлана Жалмағамбетова Қарағандыдағы политехникалық универститетті орыс тілінде тәмамдаған. Сіздің тағы бір жерлесіңіз Тоқтар Әубәкіров қазақ тілінде бір ауыз сөз білмеген еді, ол да үйреніп алды. Өзінің ана тілін үйренуге құлықты адам тілді 3 айдың ішінде-ақ үйреніп шығады. Ана тілін білмеу – ұят әрі кешірілмейді.  Қазақ  тілі – үш тілдің бірі емес екенін ұмытпайық! Қазақстандықтар үшін ол бірінші, маңызды, негізгі – мемлекеттік тіл! Осыны мәңгі жадыңнан шығарма, Берік Мәжіитұлы!

Бұл ҚР Парламент  Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазының Әділет министрі Берік Имашевтің мемлекеттік тілді нашар білетіндігі жайындағы мәлімдемесіне орай, қайтарған жауабы.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. бұл жағдай тек Берік Имашевке тән бе?

    Қалғандай бөтен тілге ілінісіп,
    алғандай сар шаянның нілін ішіп.
    кірпідей мем тіл десе жиырылып,
    Сыртминге Керлаң келді Ідірісев.

  2. Министр қылып Берікті,
    Елбасы оған сеніпті.
    Сол Берік шикі жұмыртқа
    Екенін Орагүл көріпті.

  3. Қазақ тілін білігісі келмейтін осындай “шала” басшыларды көргенде жүрегім ауырады. Білмесе ештеңе емес қой, білігісі келмегені жанға батады екен. Өз елінде жүріп, жәутеңдеп босағадан сығалаған қайран қазақ тілім-ай! Оразкүл Асанғазы апаймыз жарады. Сол кісінің сынынан Берік Имашев нәтиже шығарса жақсы болар еді…

  4. Қазақстанда жүріп қазақ тілінде сойлейтін депутаттарымыз азайып барады. Депутаттарымыздың күрмелген тілін түзеуге ат салысып жүрген Оразкүл әпкеміздей депуттар көп болса екен…

Оқырман жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,