//

Қытай: «Чжао Чанлин, отанға қайт!»

570 рет қаралды
8

Қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло маңайындағы дау-дамайлар басылар емес. Жақында ғана «Зульфия Қазақстаннан кетіп қалды, енді Қытай намысын қорғайды» деген қауесеттер өріп еді. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы мұны жоққа шығарды. Спортшының өзі де Алматыға демалыстан оралып, мәселе жөнінде ештеңе білмейтінін айтты. Алайда, аспан асты елі тынышталар емес. Ханзу өкілдері 2012 жылғы Олимпиада чемпионын Қытайға қайтармақ. Олардың айтуынша, Қытайдың ауыр атлетика ассоциациясы Қазақстанға екі бірдей ашық хат жолдапты. Қытайдағы Хунань аймағындағы ауыр атлетика федерациясының бастығы Чжоу Цзюньфу, егерде Қазақстан Чиншанлоны ерікті түрде қайтармаса, мәселе дипломатиялық деңгейде көтерілетінін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетсек, көршілес елдің баспасөзінде 22 қазан күні Чиншанлоның Қытай азаматтығын қабылдағаны жөнінде хабар тарады. Және де оның шын есімі Зульфия Чиншанло емес, Чжао Чанлин екені сөз болды. Спортшының өзі Алматыға оралған соң мұны жоққа шығарды: “Қытайда мен жайлы тараған өсектердің бәрі өтірік. Мұны елге қайта оралуыммен дәлелдедім. Алыпқашпа әңгімелерге сенбеулеріңізді өтінемін. Мені қолдағандарыңызға рахмет. Бұл тақырыпқа енді гәрі оралғым келмейді“. – деп ақталды.

 

«Қытайдың бұл қай құтырырғаны, Қазақ еліне неліктен мұнша өшікті?» деген сұрақ туындайды.  Бәлкім қандасымыз Қанат Исламнан кеткен есені қайтармақ болар? Тарихи отанына қайтпақ болып Қытай туының астында өнер көрсетуден бас тартқан қандасымыз бәрібір де құрама мүшесі бола алмай кеткені естеріңізде болар. Елім деп еңіреген қайсар жігітті мемлекетіміз бауырына баспай, ақыры мұхит асырды (Қанат Ислам бүгінде АҚШ-та жаттығуда, авт.) Қытай 13 жасынан Қазақстанда жаттығып жүрген Чиншанлоны еске алды. Кезек Мая Манезада ма екен? Әліптің артын бағып көрейік…

Олжас НҰРАЗХАН

8 Comments

  1. Зүлфия осында туған бала. Қазақтың топрыағында. Оны қытай асырып кеткен әкесі еді. Ол топрыағына қайта оралды. “Бәрін де уақыт көрсетеді” деді ол. Сондықтан оны у-шусыз, өзекке теппей аялап бағу керек.

  2. Бір қытайшатыс ұрғашыға бола сонша бүлінгендерің не а, алар алтынды алып берді, енді кетсін кететін жағына. Ит тойған жеріне деген. Енді алтын алып жатса, біз к..тімізді ашып, күліп отырамыз. Анау баяғыда біздің итаяқтан ас ішкен қаншық болатын деп.

  3. Ол қаншық деп өте қатты айттыңыз! Сіз сол қыздың бір күнгі жаттығуын көтере аласыз ба? Бұл қыз дұнған қыз мұсылман қызы!

  4. Жүрек шіркін қашанда туған жерін аңсайды емес пе?!

  5. иа туган жерин ансайды гой кина тагудын кажети жок.Боксер Канат агамыз да елимизге оралды емес пе.ол киси де Пекин Олимпиадасында 3 алган Кытайдын атынан шыгып.

Назым Турбаева жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Банктер ескертеді

Алаяқтардың банк клиенттеріне шабуыл жасауы тағы да жиілеп кетті. Осыған орай Қазақстанның екінші деңгейлі банкілері клиенттеріне

Балаңыз мектепке дайын ба?

Әлемдік пандемия оқушыларды әбден әбігерге салды. Бір жыл бойы қашықтан оқып келген оқушылар кешелі-бері қайта мектепке

Атырауда мал ұрлығы үдеп тұр

Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен мал ұрлығына қатысты заң тармақтары едәуір қатайғанымен, Атырау облысында мал ұрлығы азаймай отыр.