///

Windows-8 жүйесінің соңғы нұсқасы шықты

1079 рет қаралды
2
Microsoft корпорациясы тұтынушыларға қолжетімді болатын Windows-8 операциялық жүйесінің соңғы нұсқасын ұсынды. Ол бүгіннен бастап, әлемнің 140 елінде сатылымға түседі. 
Жаңа операциялық жүйе әлемнің 37 тіліне аударылған. Microsoft компаниясы Windows-8-дің арқасында жоғарғы технология нарығындағы Apple және Google компанияларының өнімдерімен бәсекеге түспек. Соңғы нұсқа орнатылған компьютерлердегі барлық операцияларды енді саусақпен басып жасауға болады. Алдағы уақытта Microsoft компаниясы тағы да жаңа гаджеттер шығармақ. Сондай-ақ, келешекте ұялы телефон жасап шығаруды жоспарлап отыр.

Khabar.kz

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Қазақ тіліне аударылған нұсқасы барма екен?

  2. Windows 8 ?! Техника соңғы уақыттары қарқынды дамуда. Бұрын клавиатурамен жұмыс жасасақ, енді экранда саусақпен жұмыс жасаймыз. Бұл бұрын мүмкін емес жайт сияқты еді. Бірақ, бәрі мүмкін екенін соңғы технологиялар дәлелдеуде! Болашақта дыбыспен, оймен жұмыс атқарар компьютерлер шығып жатса, еш таңқалмаймын !

Есімбай Абылайхан жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,