//

Төлемдерді төлемеуге бола ма?

739 рет қаралды
5

Azat:

Біз жаңадан ашылған қоғамдық қормыз! Қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда оларға зейнетақы жарнасын және әлеуметтік салық төлемеуге болады дейді. Ол тек тұрақты қызметкерлерге ғана төленеді делінген. Сол рас па?

 

    Жауабы:

Еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтін адамдарға еңбегiне ақы төлеуге, еңбекақыдан ұсталатын мiндеттi салық және зейнетақы жарналарын төлеуге  міндетті.

Еңбек кодексінің 134-бабына сәйкес жалақы төлеу кезiнде жұмыс берушi әрбiр қызметкерге тиiстi кезеңдегi тиесiлi жалақының құрамдас бөлiктерi, жүргiзiлген ұстап қалулардың мөлшерлерi мен негiздерi туралы, оның iшiнде ұстап қалынған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиiстi жалпы ақша сомасы туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ай сайын хабарлауға мiндеттi.
Азаматтық кодекстің 107-бабына сәйкес Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.
Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкiлдiк етедi, оның дербес балансы және банктiк шоты бар.
Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк құқықтары жоқ.
Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып табылады.

Салық кодексінің 134-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түрiндегi табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.

Штаттағы қызметкерлерге ғана еңбек шарты негізінде барлық төлемдер төленуге тиіс.

Дайындаған Жанерке. 

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Сіздерден көмек сұраған кез-келген сұраққа жауап беріледі ма?

  2. Соттасу үшін адвокат жалдаудың еліміздегі ең төменгі ақысы қанша?

  3. Рахмет, істеріңіз ілгері болсын! Көбірек жаңалап тұрыңыздар, тек қана журналистерге қатысты емес, жалпы қоғам туралы болса жақсы болар еді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі