Саясаттың заманында әдебиетті айтып қоймадық-ау. Оның да себебі бар… Әдебиет қоғамнан бәрібір бөлек қала алмайды. Жазушы Тұрсынәлі Рыскелдиев жақында ғана Мемсыйлықтың иегері атанған Сәбит Досановты сотқа беремін деп тас түйін отыр. Тіпті шағымын Алматы қалалық сотына апарып та қойыпты. Жазушының сотқа жүгіруіне себеп: (Рыскелдиевтің өз сөзімен айтсақ) Сәбит Досанов оның бір емес үш кітабының оқиға желісін, оқиға детальдарын «ұрлап» алған. Сәбит Досановтың Мемлекеттік сыйлық алған «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының екінші кітабында («Ұйық») Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Тау тағысы» романы мен «Ұлы көш» романының 1-ші, 2-ші кітаптарындағы оқиғалары, ойлары өріп жүр екен. Редакциямызға осылай деп арыз арманын айтып келген Рыскелдиевтің Досановпен арадағы дауы бұдан бұрын да баспасөзді шулатқан. Бір-бірін «ұрлықшы», «жалақор» деп айыптаған жазушылардың айтысының басылар түрі жоқ. Керісінше іс насырға шабатын сияқты. Өйткені Рыскелдиев Досановпен соттасып, моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге төлеуін талап етемін деп отыр. Сәбит Досановты сотқа беріп, 1 миллион теңге талап етпек

Соңғы жазбалар
photo: egov.kz Қазақстанда тегін заң көмегін алу құқығы Конституциямен бекітілген. Бюджет 2018 жылдан бері 59%-ға өсіп,
Фото: gettyimages.com, David Ramos Аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Месси алдағы уақытта Барселона клубына қайта оралуы мүмкін
Фото: t.me/DRSQazaqstan/2631 Италияның Милан қаласындағы қысқы олимпиадада конькимен 3000 метрге жүгіруде сынға түскен әйелдер ақ аламанның
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жазушылар мен шығармашылық
Фото: t.me/DRSQazaqstan/2615 Әйелдер арасында 3000 метрге жүгіру сайысында жарысқантқазақстандық Нора Джеруто Тануи Азия чемпионы атанды. Ол
Фото: t.me/olympickz/11788 Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогінің кезекті кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш жарыста Қазақстан ұлттық
Фото: t.me/DRSQazaqstan/2474 Жеңіл атлетикадан Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі XII Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының
Биыл елімізде 121 спорт нысанын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің ресми Telegram-арнасында
Қазақстанда 2026 жылғы жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасуда. Халық арасында ең көп пікірталас тудырған мәселе: 9-бап
Фото: istockphoto.com Жаңа Салық кодексі аясында қаржылық қиындыққа тап болған кәсіпкерлер үшін салық берешегін өтеу тетіктері
Бұл мәселе жазушылардың бірінің шығармасын екіншісі оқимайтындығын көрсетеді. Тұрсынәлі тым болмаса сол заманда “Ұйықты” бір шолып өтсе болмас па еді. Егер бұл жағдай шын болып дәлелденсе Сәбит Досановтың бүкіл шығармасын өртеп жіберу керек.
Екеуінің ойы бір болды ма, кім білсін… Не болса да бұл жерде бір гәп бар