Саясаттың заманында әдебиетті айтып қоймадық-ау. Оның да себебі бар… Әдебиет қоғамнан бәрібір бөлек қала алмайды. Жазушы Тұрсынәлі Рыскелдиев жақында ғана Мемсыйлықтың иегері атанған Сәбит Досановты сотқа беремін деп тас түйін отыр. Тіпті шағымын Алматы қалалық сотына апарып та қойыпты. Жазушының сотқа жүгіруіне себеп: (Рыскелдиевтің өз сөзімен айтсақ) Сәбит Досанов оның бір емес үш кітабының оқиға желісін, оқиға детальдарын «ұрлап» алған. Сәбит Досановтың Мемлекеттік сыйлық алған «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының екінші кітабында («Ұйық») Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Тау тағысы» романы мен «Ұлы көш» романының 1-ші, 2-ші кітаптарындағы оқиғалары, ойлары өріп жүр екен. Редакциямызға осылай деп арыз арманын айтып келген Рыскелдиевтің Досановпен арадағы дауы бұдан бұрын да баспасөзді шулатқан. Бір-бірін «ұрлықшы», «жалақор» деп айыптаған жазушылардың айтысының басылар түрі жоқ. Керісінше іс насырға шабатын сияқты. Өйткені Рыскелдиев Досановпен соттасып, моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге төлеуін талап етемін деп отыр. Сәбит Досановты сотқа беріп, 1 миллион теңге талап етпек

Соңғы жазбалар
Фото: gov.kz Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде Orda.kz
Фото: Мұрат Адамның Facebook парақшасынан Гүлнәр Бажкенова ісі: сот шешімі мен әділетке сенімнің сын сәті 8
Банк секторын дамытуға арналған ең беделді және ықпалды халықаралық іс-шаралардың бірі – 2025 жылғы SME Banking
Фото: chess-results.com/tnr Испанияның Сан-Бой-де-Льобрегат қаласында аяқталған беделді VI Elllobregat Open Chess Tournament халықаралық турнирінде қазақстандық шахматшы
Алатау ауданындағы ескілеу көпқабатты үйлердің бірінде Айдана мен Еркебұлан екі бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Жиһаздар бұрынғы
Фото: istockphoto.com Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жеке клиникаларда МӘМС бойынша медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін түсіндірді. Бұл
Сарыбұлақ – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы шағын ауыл. Мұнда оқушылар әлі күнге дейін 1931 жылы салынған
Кенияның Найроби қаласында таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионаты аяқталды. Балта аяқты, балта
Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясы» қалалық филиалының V конференциясы өтіп, онда бірқатар маңызды саяси және экологиялық бастама
Фото: видеодан кадр Америкалық музыка марапаттардың бірі — «Grammy» сыйлығының ресми сайтын мен YouTube арнасында Димаш
Бұл мәселе жазушылардың бірінің шығармасын екіншісі оқимайтындығын көрсетеді. Тұрсынәлі тым болмаса сол заманда “Ұйықты” бір шолып өтсе болмас па еді. Егер бұл жағдай шын болып дәлелденсе Сәбит Досановтың бүкіл шығармасын өртеп жіберу керек.
Екеуінің ойы бір болды ма, кім білсін… Не болса да бұл жерде бір гәп бар