БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
АЗА КҮНІНДЕ БІРГЕ БОЛАЙЫҚ, БАУЫРЛАР!
31 мамыр – “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу” күніне байланысты қоғамдық негіздегі бастаманы қолдап, ақпараттық насихат жасауға шақырамыз.
09:30 – Орталық мешіт. Құрбан шалынады. Құран оқылады.
12:30 – Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандары жайлы тарихи фотосурет көрмесі, “Ашаршылық” деректі фильмінің көрсетілімі. Режиссері Еркін Рақышев. (Цезарь кинотеатры. Фурманов – Жібек жолы көшелерінің қиылысы)
14:30 – Ашаршылық құрбандарына ескерткіш белгіленген орынға гүл қою. (Наурызбай – Бөгенбай көшелерінің қиылысы)
Аза күніне арнайы дайындалған қаралы таспалар таратылады. Қыз-келіншектерден шелпек пісіріп әкелуді өтінеміз. Жоғарыда айтылған орындарға жаяу барамыз.
Саяси қуғын-сүргін көргендер барша аймақтарда, әрбір ауыл-қалаларда болды. Еліміздің өңірлеріндегі белсенді бауырларды бұл іске үлес қосуға шақырамыз.
Қаралы таспаны немесе аза-бауды Әуезов көшесі, 82 ғимарат, 605-ші кеңседен алып кетулеріңізге болады, тел 375-86-54. (Абай көшесінің қиылысы, Әуезов көшесімен жоғары жүрсеңіз, сол жағыңыздағы 6 қабатты сұры түсті ғимарат)
Қоғамдық бастама мүшелері:
Мұхтар ТАЙЖАН, Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ, Самат НҰРТАЗА, Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ, Ғабиден ЖӘКЕЙ, Жанат ЕСЕНТАЙ, Абзал ҚҰСПАН, Берік ШАДҒАЛИ, Аман МӘМБЕТӘЛІ, Думан КӘКІМ, Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ, Бақыт МҰХТАР, Ержан АЛАШ, Айгүл МАЗАҚБАЙ, Едіге АХМЕТҰЛЫ, Әліби ӘРІПҰЛЫ, Айдос САРЫМ, Расул ЖҰМАЛЫ, Әнуар ШОТБАЙ.
31 мамыр – “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу” күні

Соңғы жазбалар
Индонезияның Бали қаласында семсерлесуден сары құрлық бәсекесі өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан ерлер командасы 2-орынға табан тіреді.
Вьетнамның Вунгтау қаласында басталған 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы Азия чемпионаты қыза түсті. Кеше әйелдер және
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан Сингапурда садақ ату шеберлері Азия кубогін сарапқа салып жатыр. Жуырда құралмалы садақпен
Фото халықаралық семсерлесу федерациясынан (FIE) Индонезияның Бали қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам жүрек қан-тамыры ауруларынан қайтыс
Қазақстан Қытайға киік популяциясын қалпына келтіру үшін 1,5 мың киік бермек. – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: istockphoto.com Қазақстандықтардың жеке деректері бар 16,3 миллион жазба ашық тарап кеткен. Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және
Дүниеге жаңа келген төртемді ата-анасы Есентай мен Назымгүл перзентханадан бір бөлмелік жатақханаға шығарды. Аядай бөлмеде нәрестелерге
Осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының бокс федерациясы ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен
Ресей Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салады. «Росатом» халықаралық консорциум көшбасшысы деп танылды. Қазақстан Республикасының Атом
31- мамыр – «Аза тұту күні», жиырмасыншы ғасырдың нәубаттары мен зұлматтарынан құрбан болғандарды еске алып, солардың Аруағына бас иіп, тағзым етер күн! Бүгін Алаш баласын жер бетінен жойып жіберу үшін жындана жанталасып, қасақана қолдан қанды қырғын, аштық жасаған құтырған қанды қол жендеттердің тозағының себеп-салдарына үңіліп, адамзат баласына қасырет әкелген қара ниет қанышерлердің тегін тектеп, соларға лағынет айтып, тас ататын күн!
Өнеркәсіп орындарын етпен қамтамасыз ету Мәскеудің арнайы нұсқауымен орындалатын болды. Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1931 жылғы 28 қыркүйек күні қабылдаған құпия қаулысында осы жылдың 4-тоқсанында Мәскеуге 35 000 тонна, Ленинградқа 24 500 тонна ет жеткізіп тұруы міндеттелді. Осы жылдары Ресейді етпен қамтамасыз етуде Қазақстанның үлесі 40 пайыздан жоғары болған. Қазақстанда мал етін дайындау аса қатал, қорқыту және қысым жасау әдістерімен қоса, жартылай әскери тәртіппен жүргізілген.
Осылайша астық пен ет Қазақстаннан Ресейге вагон-вагон болып кетіп жатқанда, ауылдағы үйлер иесіз қалып, жолдың бойы мен қала көшелерінде адамдар ит-құсқа жем болып, қынадай қырылып жатты.
Аштан қырылып, көмусіз қалғандардың моласына айналған Қазақстанға 1933 жылдың 1 ақпанында Ресейден 1 млн адамды қоныстандыру туралы ОГПУ төрағасының орынбасары Г.Ягоданың қолы қойылған №50062 директивасы шықты. 1939 жылы қазақ халқының жалпы саны 1926 жылмен салыстырғанда, өсу орнына, керісінше, 26 пайызға кеміген