Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.
Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.
Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.
Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?
Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.
Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?
Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?
Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.
Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…
Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
Есенғали Раушанов. Әдеби жыл қорытындысы баяндамасына қосымша

Соңғы жазбалар
Австрия төрінде, Stockerau қаласында жыл сайын жалауы желбірейтін “European Central Superleague” халықаралық турнирі биыл да өз
Фотолар туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен Елордада мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен Милан
Фото: www.pexels.com Қазақстанда халық көп шоғырланған аймақтарда жол-көлік апатынан қаза тапқандар саны басқа өңірлермен салыстырғанда көбірек.
Фото: www.gov.kz Қазақстанда алдағы республикалық референдумға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Маңызды саяси науқан қарсаңында қоғамдық пікірді
Конституциядағы «тең» сөзінің «қатар» сөзімен алмастырылуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл өзгеріс мемлекеттік тілдің мәртебесіне қалай
Қыс қырауы қылышын сүйретіп, ақ ұлпа қар жер-жаһанды мамық көрпеге ораған шақта Орал қаласы айрықша бір
19–20 ақпан күндері Алматдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы»
Фото: жеке мұрағатынан Алматының бір тыныш көшесіндегі шағын ғимарат сырт көзге аса назар аударта қоймайды. Бірақ
Пантүркизм және Түркияның геосаяси қайта бағдарлануы Түрік еуразияшылығын жеке дара доктрина ретінде емес, Түркияның халықаралық жүйедегі
Minber.kz редакциясы қоғамда қызу талқыланып жатқан Конституциядағы тіл нормасына қатысты өзгеріске байланысты түрлі көзқарасты саралауды жөн
