Өткен жұма күні Германияның Мюнхен қаласындағы үйінде жүрегі ұстап ауруханаға жаткызылған Қажы Шәріп Найман ақсақал қасиетті қадір түнінде дүниеден озды. Тек Түркия мен Еуропа емес, атамекен Қазақстан және басқа бүкіл дүниежүзіндегі қазақтарының ардақтысы бола білген Шәріп Найман ақсақалдың дүниеден қайтуымен Түркия және Еуропа қазақтары орны толмас қазаға ұшырады. Марқұм атамызға Алладан иман тілейміз. Барған жері ұжмақ болғай! Бала-шағасына жақын туыстарына көңіл айтып қайғыларына ортақтасамыз.
Аталары Шығыс Қазақстан Қатонқарағайдан шыққан және Әбдікәрім Болыстың ұрпағы болған Шәріп Найман 1932 жылы Алтайда туылған. 1938 жылы Алтайдан ауа көшіп Тибет-Гималайды асқан Елісхан батыр бастаған көшпен 1940 жылы Үндістанға барған Шәріп қажы бұл жерде 1967 жылға дейін тұрақтаған. Кейін Ыстамбұлға, одан Германияның Мюнхен қаласына келіп табан тіреген. Шәріп Найман ақсақал басынан көптеген тауқыметтерді өткізген. Мюнхен қаласында қонақжайлылығымен танылған және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын ақсақал қалаға қыдырып келген қонақтарға кең дастарқанынан дәм татқызбай жібермейтін.
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғанда жүрегі жарыла қуанған Шәріп Найман дүниежүзі қазақтарының 1992 жылғы тұңғыш құрылтайға, одан кейінгі 2000 жылғы Түркістан құрылтайына және 2005 жылғы Астана құрылтайына қатысқан еді.
1994 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен Еуропа қазақтарының тұңғыш құрылтайына демеуші болған ақсақал одан кейін ұйымдастырылған Еуропа қазақтарының кіші құрылтайларына да үзбей қатысып тұрды.
Қазір ақсақалдың балалары, немере-шөберелері Германия мен Түркияда өмір сүруде.
“Отанды сүю иманнан” деп отыратын Шәріп Найман ақсақал елінің және халқының қалаулысы бола білді. Халқына жаққан адамның Құдайға да жағатыны хақ. Атамыздың топырағы торқа, барған жері ұжмақ болғай!
Әбдіуақап Қара – Ыстамбұл
Парақшамызға жазылыңыз
Жаны жанната, топырағы торқа болсын!
ШӘРІП НАЙМАН ; Жаықтық нағыз өр -Алтайдың үніндей аңқылдағн азамат еді . емен – жарқын ұлтын шексіз сүйетін білімді, текті кісі еді. жаны фердаусый жәннәтта болғай , қазаның арты қайрлы болсын , жұбайна , тустарына , Дос -жарандарына, бала шағасына құда – жегіжаттарына , нағашыларына, қаиын жұрты мен Түрік достарына – қайғыларыңызға ортақпыз деп шынайы қаығыу сезімімен көңіл айтам “ХАҚ-тан” — Тілеухан әл- МАЖЕНИ .
( қыркүйек 7,2013 – 02 – 09 қазанаманы мәтінін түзетіуге қатысты қосмша )
———————————————шынайы қаза тұтыу——————————