Ғ.Тоқай атындағы Татарстан мемлекеттік филармониясында түркі дүниесінің өнер майталмандарының қатысуымен концерт өтті. Татарстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ тарапынан ұйымдастырылған кешке сегіз елдің атақты әншілері, музыка орындаушылары мен дирижерлары өнер көрсетті. Түркі дүниесінің түкпір-түкпірінен келген көрермендерді айтулы күнмен құттықтаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов: «Өздеріңізге мәлім болғандай, ТҮРКСОЙ түркі мәдениетін әлемге паш ету мақсатында жиі-жиі концерттік бағдарламаларға көңіл бөліп отырады. Мәдениет пен өнердің тілі, дәлірек айтқанда, ән мен аспаптың тілі баршаға ортақ. Түркі өнер әлемінде өзіңе қажетті жаңалықты таба білу маңызды оқиғалардың бірі деп ойлаймын. Менен жиі сұрайды: «Осы шара біте салысымен «Түркі әлемінің мәдени астанасы Қазан» дейтін ұланғайыр жоба жұмысын тоқтата ма?» Түркі әлемі Қазанды мәдени астана ретінде ешуақытта ұмытпайды. Керісінше мәңгі-бақи мәдени астана болып қала береді. Өйткені біз бұл жерге қайтып келеміз, қайта ораламыз», – деп мәдениет пен өнердің шекарасы жоқ екенін қайта еске салды. Сөз соңында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы концерттің өтуіне атсалысқан ұйымдар мен өнерпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етті. Атап айтқанда, Ғ.Тоқай атындағы Татарстан мемлекеттік филармониясының директоры К.Нұруллин арнайы ТҮРКСОЙ сыйлығымен, Ресейдің халық әртісі А.Шутиков «Мұқан Төлебаев» медалімен, Татарстанның халық әртісі Г.Ибушев, Татарстанның еңбек сіңірген әртістері М.Шамаев, А.Зантимерова, Г.Шарапова, Л.Аппакова ТҮРКСОЙ-дың Алғыс хаттарымен марапатталды. Халықаралық фестивальдердің лауреаты Ақерке Тәжібаева Е.Усеиновтың «Өмір дастан» күйін орындап берді. Оркестрге дирижерлық еткен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов. «Біржан-Сара» операсының Сараның ариясын Татарстанның белгілі әншісі Ригина Валиева орындады. Сол сияқты «Хайтарма Ай-Петри», «Соло фантазия», Тоқтағұл Сатылғановтың «Мың қиял», «Кожай биле Тогралыг» сынды әндерді сегіз елдің талантты өнерпаздары орындап, түркі дүниесінің түкпірінен келген көрермендерге тамаша кеш сыйлады.
Парақшамызға жазылыңызТҮРКІЛЕРДІҢ ТАЛҒАМЫ: фольклорлық құндылықтардан-операға дейін

Соңғы жазбалар
5 наурызда оралдық режиссера Айбека Нығметтің «Мама» фильмы көрерменге жол тартты. Осыған орай бір күн бұрын
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен Қазақстандық дзюдошы Алмат Әділет Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы
Батыс Қазақстан облысында 1 наурыз Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне
Фото авторы: Динара Насыр Бүгін Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп
Автордан: Мен, былтыр – 2025 жылы қаңтардың 14 күні бір роман жазып аяқтадым. Кітап болып басылса
Фото: t.me/DRSQazaqstan/3676 Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Кристина Шумекова
photo: English-elpais Әскери қақтығыс қалай басталды? Бүгін, 28 ақпанда, Израиль мен АҚШ әскери коалициясы Иран аумағына
Чемпиондар лигасының ширек финалында «Қайрат» өз алаңында есе жіберді. UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы матчында
Фото: https://zanmedia.kz/til Қазақстанның 1995 жылдан бері қолданыстағы Конституциясында да, қазір ұсынылып отырған жаңа редакциясында да тіл


