Ғ.Тоқай атындағы Татарстан мемлекеттік филармониясында түркі дүниесінің өнер майталмандарының қатысуымен концерт өтті. Татарстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ тарапынан ұйымдастырылған кешке сегіз елдің атақты әншілері, музыка орындаушылары мен дирижерлары өнер көрсетті. Түркі дүниесінің түкпір-түкпірінен келген көрермендерді айтулы күнмен құттықтаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов: «Өздеріңізге мәлім болғандай, ТҮРКСОЙ түркі мәдениетін әлемге паш ету мақсатында жиі-жиі концерттік бағдарламаларға көңіл бөліп отырады. Мәдениет пен өнердің тілі, дәлірек айтқанда, ән мен аспаптың тілі баршаға ортақ. Түркі өнер әлемінде өзіңе қажетті жаңалықты таба білу маңызды оқиғалардың бірі деп ойлаймын. Менен жиі сұрайды: «Осы шара біте салысымен «Түркі әлемінің мәдени астанасы Қазан» дейтін ұланғайыр жоба жұмысын тоқтата ма?» Түркі әлемі Қазанды мәдени астана ретінде ешуақытта ұмытпайды. Керісінше мәңгі-бақи мәдени астана болып қала береді. Өйткені біз бұл жерге қайтып келеміз, қайта ораламыз», – деп мәдениет пен өнердің шекарасы жоқ екенін қайта еске салды. Сөз соңында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы концерттің өтуіне атсалысқан ұйымдар мен өнерпаздарға арнайы сыйлықтар тарту етті. Атап айтқанда, Ғ.Тоқай атындағы Татарстан мемлекеттік филармониясының директоры К.Нұруллин арнайы ТҮРКСОЙ сыйлығымен, Ресейдің халық әртісі А.Шутиков «Мұқан Төлебаев» медалімен, Татарстанның халық әртісі Г.Ибушев, Татарстанның еңбек сіңірген әртістері М.Шамаев, А.Зантимерова, Г.Шарапова, Л.Аппакова ТҮРКСОЙ-дың Алғыс хаттарымен марапатталды. Халықаралық фестивальдердің лауреаты Ақерке Тәжібаева Е.Усеиновтың «Өмір дастан» күйін орындап берді. Оркестрге дирижерлық еткен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов. «Біржан-Сара» операсының Сараның ариясын Татарстанның белгілі әншісі Ригина Валиева орындады. Сол сияқты «Хайтарма Ай-Петри», «Соло фантазия», Тоқтағұл Сатылғановтың «Мың қиял», «Кожай биле Тогралыг» сынды әндерді сегіз елдің талантты өнерпаздары орындап, түркі дүниесінің түкпірінен келген көрермендерге тамаша кеш сыйлады.
Парақшамызға жазылыңызТҮРКІЛЕРДІҢ ТАЛҒАМЫ: фольклорлық құндылықтардан-операға дейін

Соңғы жазбалар
Неге Қазақстандағы бизнес қазақша сөйлеуге асығар емес? Қазақ тілді аудиторияның шынымен ақшасы жоқ па? Қазақша жарнамада
Вице-Президент Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді Вице-Президент
Жаңа Салық кодексі бюджет кірісін арттыруды көздегенімен, оның экономикалық және әлеуметтік салдарына қатысты сұрақ көбейді. ҚҚС
Алматы мен Астанадағы концерттер, көрме, кино және экскурсиялар.
Астанадағы күрестен әлем чемпионаты, U19 боксшылардың жеңісі, дзюдо және садақ ату.
Нью-Йорктен Анкараға, Отырардан Парижге дейін — аптаның мәдени жаңалықтары.
Фото: М. Әділбекұлының жеке архивінен Жындыханада 37 күн негізсіз ұсталған Мұхаммад Әділбекұлының жеке шағымы қанағаттандырылды. Бұл
Ұлттық банк 29 қазанға доллар бағамын 457,09 теңге деп белгіледі. Теңгеге не әсер етіп жатыр және
Шетелдік БАҚ аккредитациясының жаңа тәртібі, Құрылтайдағы шектеулер, «Азаттық Азия» тілшісінің ісі және TikTok эфирі үшін қамау:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға қатысты мәселелердің


