///

Ақындар аламаны: Мейірбек Сұлтанхан

1017 рет қаралды
2

Қыркүйектің 20-21-інде Алматы қаласында Республика сарайында Алматы қаласының күніне орай, Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай “Азаттықтың төл бесігі” атты республикалық ақындар айтысы болып өтті. Айтысқа 20 ақын қатысып, барлығы да қомақты жүлдемен оралды. Ал бас бәйгені керекулік Аспанбек Шұғатаев, І жүлдені астаналық Еркебұлан Қайназаров, екінші жүлдені қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан иеленді. Мейірбек Сұлтанханның Мақсат Ахановпен айтысынан қазақтың әлеуметтік өмірін жырлаған үзіндісін назарларыңызға ұсынамыз.

https://soundcloud.com/yesengul/7878a

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Айтыста айтыскерлер айтқан ойлар:
    Азаттықтың белгісі – Алматының, көшесіне азаттық ап беріңіз!
    Қонаев салған қаланы қолжаулық қылмай жүріңдер!
    Қысқасы шымкенттіктер болмағанда,
    шекеңнің шылқиғанын көрер едім…
    Апортынан – аборты көбейіп тұр…
    Ей, Көкбөрінің ұрпағы, Кімнен үйрендің үруді?..
    Қазаққа ортақ тұлға – асылдарды,
    Қазыққа байлай беріп не қыласың?

  2. Айтыскер ақындар тағы да былай деді:
    ақиқат қаншалықты ащы болса, өкініш соншалықты аз болады;
    Ей, Алматы жүзіңде жылылық бар, барыстың бауырында жатқан қардай;
    бұл жерден сел көшсе де ел көшпейді;
    ұялмай барам десең болашаққа, ұлардай балаларыңды шулатпаңдар;

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар