Егер біз жаратылыстану ғылымдарын тек қана ағылшын тілінде өткіземіз десек, онда біз тілден айырылдық деп есептеңіз…
Физика, химия, информатика, математика сабақтарының тек қана ағылшын тілінде оқытылуы маған ұнамайды, бұл маған үлкен қауіп көрінеді. Мен ағылшын тіліне қарсы емеспін, оны білу керек. Бірақ, менің қарсы болатыным, «тек қана» дейтін сөз. Советтік кезеңде Қазақстанда математика, физика ғылымдары дамыды. Жақсы оқу жүйесі қалыптасты. Жаман ба, жақсы ма, оқулықтарымыз бар. Оның сапасы нашар болуы мүмкін, бірақ, иншалла бар. Дүниеде елдің неше түрлісі бар. Мысалы, Малайзияда математиканы ағылшын тілінде оқытады. Бірақ Малайзияның математиктері біздің қазақтың математиктеріндей емес. Біздің математиктер олардан анағұрлым алда. Бар болғаны бір-ақ миллион Эстония деген халық бар. Бірақ, барлық сабақтарын эстон тілінде оқытады. Ал тіл деген – байланыс құралы. Тек әдебиет, өнермен жұрттың бәрін таңғалдырамыз деу бос сөз. Сондықтан, біз басқадан озатын болсақ, тек қана жаңа технологиямен озуымыз керек. Жаңа дүние жасауымыз керек, онсыз болмайды. Әйтпесе көштің соңында қалып қоямыз. Ал қазақтың тілі тіл болу үшін – ғылымның тілі, бизнестің тілі, технологияның тілі болу керек. Олай болу үшін жаңағы ғылымдардың барлығы қазақ тілінде де оқытылуы керек. Егер өйтпейтін болсақ, онсыз да көлеңкеде тұрған тіліміз бірден құриды. Егер біз жаратылыстану ғылымдарын тек қана ағылшын тілінде өткіземіз десек, онда біз тілден айырылдық деп есептеңіз. Өйткені, сіз домбыра тартасыз, ол – маған керек, саған керек, басқа ешкімге керегі жоқ. Тарихыңызды айтасыз, Абылай ханды айтасыз, ол қазаққа ғана керек, басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, қазақ бәйгеден озамын десе технократтық елге айналу керек. Технократтық жүйені рухани байлықпен ұштастырудың жолы бар, ол қиын емес. Оның жарқын мысалы – Жапония. Өзінің ойлау жүйесін қалдырып, оны ғылымның жаңа технологиясымен ұштастырған. Біздің қазақтарға да келетіні осы. Біздің өлеңімізді, әнімізді, ойлау жүйемізді, психологиямызды, менталитетімізді технологиямен ұштастыру керек. Сонда ғана өркендейміз, әйтпесе құримыз.
Асқар Жұмаділдаев, академик: Малайзияда математиканы ағылшынша оқытады, бірақ

Соңғы жазбалар
2025 жылды “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы дәстүрге айналған тренингпен қорытындылады. Тренинг Шымкент, Ақтау, Алматы қалаларының жергілікті
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының
Фото: primeminister.kz Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кіріскелі отыр. Өткен жылы 100 мың шаршы
Оралда жас футболшыларға арналған «Жаңа жыл кап» футбол фестивалі ұйымдастырылды. Шараның бастамашысы оралдық жас бапкер, «Ақжайық
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметкер шекара арқылы тауарды заңсыз өткізуге көмектеспек болған. Соттың
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұқбаты формасы жағынан жыл қорытындысына ұқсаса да, мазмұны тұрғысынан биліктің алдағы
Фото: fingramota.kz Егер банк картасы мысалы, дүкеннен сатып алу кезінде немесе ақша аудару қажет болғанда кенеттен
Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның
Фото: t.me/almaty_akimat ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың 2024 жылғы табыс декларациясы жарияланды. Ресми мәліметке
Фото: t.me/olympickz Италияның Милан және Кортина д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір