Егер біз жаратылыстану ғылымдарын тек қана ағылшын тілінде өткіземіз десек, онда біз тілден айырылдық деп есептеңіз…
Физика, химия, информатика, математика сабақтарының тек қана ағылшын тілінде оқытылуы маған ұнамайды, бұл маған үлкен қауіп көрінеді. Мен ағылшын тіліне қарсы емеспін, оны білу керек. Бірақ, менің қарсы болатыным, «тек қана» дейтін сөз. Советтік кезеңде Қазақстанда математика, физика ғылымдары дамыды. Жақсы оқу жүйесі қалыптасты. Жаман ба, жақсы ма, оқулықтарымыз бар. Оның сапасы нашар болуы мүмкін, бірақ, иншалла бар. Дүниеде елдің неше түрлісі бар. Мысалы, Малайзияда математиканы ағылшын тілінде оқытады. Бірақ Малайзияның математиктері біздің қазақтың математиктеріндей емес. Біздің математиктер олардан анағұрлым алда. Бар болғаны бір-ақ миллион Эстония деген халық бар. Бірақ, барлық сабақтарын эстон тілінде оқытады. Ал тіл деген – байланыс құралы. Тек әдебиет, өнермен жұрттың бәрін таңғалдырамыз деу бос сөз. Сондықтан, біз басқадан озатын болсақ, тек қана жаңа технологиямен озуымыз керек. Жаңа дүние жасауымыз керек, онсыз болмайды. Әйтпесе көштің соңында қалып қоямыз. Ал қазақтың тілі тіл болу үшін – ғылымның тілі, бизнестің тілі, технологияның тілі болу керек. Олай болу үшін жаңағы ғылымдардың барлығы қазақ тілінде де оқытылуы керек. Егер өйтпейтін болсақ, онсыз да көлеңкеде тұрған тіліміз бірден құриды. Егер біз жаратылыстану ғылымдарын тек қана ағылшын тілінде өткіземіз десек, онда біз тілден айырылдық деп есептеңіз. Өйткені, сіз домбыра тартасыз, ол – маған керек, саған керек, басқа ешкімге керегі жоқ. Тарихыңызды айтасыз, Абылай ханды айтасыз, ол қазаққа ғана керек, басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, қазақ бәйгеден озамын десе технократтық елге айналу керек. Технократтық жүйені рухани байлықпен ұштастырудың жолы бар, ол қиын емес. Оның жарқын мысалы – Жапония. Өзінің ойлау жүйесін қалдырып, оны ғылымның жаңа технологиясымен ұштастырған. Біздің қазақтарға да келетіні осы. Біздің өлеңімізді, әнімізді, ойлау жүйемізді, психологиямызды, менталитетімізді технологиямен ұштастыру керек. Сонда ғана өркендейміз, әйтпесе құримыз.
Асқар Жұмаділдаев, академик: Малайзияда математиканы ағылшынша оқытады, бірақ

Соңғы жазбалар
Қыркүйектің 10-нан бастап еліміздің барлық кинотеатрында болған оқиға желісімен түсірілген «Қара алтын» мотивациялық бизнес-драмасы көрсетіле бастады.
Орал қаласында қазанның 1-інен бастап қоқыс шығару тарифі 659 теңге болады. Осылайша шаһарда қатты тұрмыстық қалдықтарды
Орал қаласының күніне орай Жайық жағасын жетінші рет ат дүбіріне бөлеген «Жайық жүйрігі – 2026» өтті.
ҚПЛ 26-туры аясындағы кездесуде «Қайрат» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Кездесу барысында алматылықтар
СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ Отыра берсем отыра беретін-мін. Мен ондай еркіндікке жеткен жоқпын. Орнымнан әзер тұрып
Соңғы бірнеше айдан бері Ақтөбе қаласында жаңадан салынатын мыс өңдеу зауытына қатысты айтарлықтай қоғамдық пікірталас жүріп
«Адамдардың басын қосамыз, қалдықтарды сұрыптаймыз!» Бұл «Recycle Бірге» экологиялық қозғалысы ның ұраны. 2018 жылдан бері жұмыс
Өткен ғасырдың басында «Қара қыпшақ Қобыланды» жыры жеке кітап болып басылып шығады. Осы кітапқа кезінде (сөз
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті. Дала спортының
Тергеу журналистерінің халықаралық консорциумы – ICIJ сайтында 14 тамызда жарияланған мақаланың атауын қазақ тіліне аударсақ: «Қазақстанның