////

Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлы өмірден озды

1100 рет қаралды
1

1167416bbacd81f8a44bc7f59522474d1Қарашаның 23-інде тарих ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлы 77 жасқа қараған шағында дүние салды.
Қинаятұлы Зардыхан Моңғолияның Қобда аймағында 1940 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген.
Моңғолияда Премерь-Министрдің орынбасары, Парламенттің орынбасары, Орталық кәсіподақтар кеңесінің орынбасары қызметін атқарған. 1991 жылы басталған демократиялық бетбұрыстың теоретигі, Моңғолияның 1991 жылы қабылдаған демократиялық Конституциясының авторларының және Моңғолиядан алғашқы басталған қазақ көшіне ой салып, ақыл кеңес бергендердің бірі.
Тарихшы, саясаткер, ғалым және дипломат. Моңғолияда 4 монография, 120-ға жуық мақалалары жарық көрген. Кейбір мақалалары Кеңестер одағы, АҚШ, Жапония, Қытай, Гонконгда жарық көрген.
1994 жылы атажұртқа оралғаннан бері Қазақстан тарихының орта ғасырлық дәуірі, әсіресе Қазақ мемлекеттілігі тарихын зерттеуде елеулі еңбек етіп келді. Қазақ мемлекеттілігі тарихы, қазақ тарихының моңғол билігі дәуірі тарихын зерттеуші, жетекші мамандардың бірі болды.
Қазақстанның 5 томдық тарихының 4-томының авторларының бірі. «Мәдени мұра» бағдарламасына белсене қатысып «Қазақстан тарихына қатысты Моңғол деректерінің» Ш томы және «Ортағасырлық тарихи ой: Тарих адамзат ақыл ойының қазынасы» атты көлемді еңбекті дайындаушылардың бірі және арнаулы редакторы. «Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихына қатысты деректер» атты екі томдықтың кеңесшісі. Оның жетекшілігінде «Қазақ мемлекеттілігі тарихы» атты көлемді монография жарық көрді.
Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының тапсырысы бойынша «Шетелдегі қазақтар» сериясымен «Моңғолиядағы қазақтар» кітабының І, ІІ томын шығарды.
Моңғолиядағы қазақтардың тарихы мен өткені мен бүгінгісіне қатысты «Жылаған жылдар шежіресі», «Моңғолиядағы қазақтар» атты екі кітап жазды. Көші-қонға қатысты 20-ға жуық мақаласы жарық көрді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырған 7 конференцияға қатысып, 4 мәрте баяндама жасады. Қазақстан тарихына қатысты «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары: IX-XII ғ.ғ» (Елорда 2001ж), «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» (Елорда 2004ж), атты еңбегі тарихшы, оқушы қауымның назарын аударған ауқымды еңбек болып табылады. «Қазақтар мен Моңғолдар тарих тоғысында» атты екі томдық ғылыми еңбегі аяқталмай қалды. Соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми және көпшілік баспасөзде 60-қа жуық мақаласы жарық көрді.
Марқұмның үй-іш, бала-шағасына, туған-туыстарына, Зақаңды жақсы көретін дос, жора-жолдастарына, Зақаң сүйген ел-жұртына қайғырып көңіл айтамын! Бар ғұмырын елдік, теңдік, әділеттілік, мәдениетті тірлік жолына арнаған арыстың аты ел жүрегінен мәңгілік өшпек емес! Зақаңның топырағы торқа, иманы жолдас болсын! Бақұл бол, ардақты Аға!

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Уақыт тоқтаған күн

  Жалпы адамзат баласын таңмен таласа ұйқысы қанып оянып, тұрып, тамағын тауып жесін, күн ұясына батып,