///

«Мінбер» семинарына шақырамыз

767 рет қаралды

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы 2017 жылы тамыздың 28-29 күндері Астана қаласында Еуразиялық Топтың (ERG)  қолдауымен «Мультимедиалы редакция» атты семинар-тренинг өткізеді.

Семинар-тренингке Қазақстанның төрт өңірінен: Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстары мен Астана қаласынан 20 журналист шақырылып отыр. Cеминар-тренинг барысында журналистер «Мультимедиялы редакция» құрудың қыр-сырымен таныспақ. Семинар-тренинг бағдарламасы негізгі 4 модульден тұрады. Онда ақпаратты визуализациялау, ақпараттың шынайылығын тексеру, аудио-видео контент жасау және инфографика жасау  тәсілдері секілді жаңа медиа технологияларын игеретін болады.

Семинар-тренингтен кейін қатысушылар ЭКСПО павильондарына саяхат жасап, өз әсерлерімен бөліспек.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар