//

Павлодарда “Дата журналистика және жасанды интеллект” шеберханасы өтіп жатыр

3869 рет қаралды
1

Павлодар қаласында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Дата журналистика және жасанды интеллект” шеберханасы өтіп жатыр. Шараға ERG корпоративтік қоры демеушілік етіп жатыр.

Тренингке Павлодарлы түрлі медиалардан 15 журналист қатысып жатыр.

Қатысушылар бірінші күні түске дейін “Ақпаратқа қол жеткізу”, “Мемлекеттік сатып алу порталынан ақпарат табу”, “Электронды Үкімет порталынан” компаниялар туралы ақпаратты іздеу секілді ақпараттарды үйреніп, Excel таблицасында ақпаратты сұрыптау, анализдеу дағдыларымен танысты.

Түстен кейін қатысушылар тергеу журналистикасының негіздерімен танысып, e-govтан компаниялар жайлы ақпарат іздеу амалдарын үйренді. Табылған датаны визуализациялауды құралдарымен танысып, өздерінің алғашқы инфографикасын жасап көрді.

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығының Есенгүл Кәпқызы ақпаратқа қол жеткізу мәселелеріне тоқталып, оның қаншалықты маңызды екендігін сөз етті.

– Ақпараттың ашықтығы – демократиялық қоғамның негізі. Өйткені қоғам өзінің өміріне, болашағына қатысты маңызды шешімдерді, төтенше жағдайға қатысты ақпараттарды, өздеріне тиесілі жәрдемақылар мен өтемақылар туралы мәліметтерді біліп отыруы керек.

Қазақстанда «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заң 2015 жылдың Қарашасында қабылданған. Содан бері ашық үкімет жобасы жасалды. Мемлекеттік сатып алулар электронды нұсқаға көшкеннен бері, журналистер салық төлеушілердің қаржысының негізсіз жұмсалуын қадағалай бастады. Соның арқасында, көптеген заңсыз сатып алулардың алдын алды.

Бұл дағдыны әсіресе, журналистер білуі тиіс. Себебі, журналистер халық пен билік арасындағы көпір. Журналистері сергек мемлекеттің болашағы жарқын, мақсаты айқын болады, – деді ол.

Асхат Еркімбай қатысушыларға дата стори дегеніміз не? Оны қалай анықтаймыз? Дата гипотезаны қалай құруға болатындығын және Excel-де датаны сұрыптау, анализдеу дағдысын үйретті.

– Дата сторидың проблемасы, себебі, ықпалы болуы керек. Кез келген Датаны пайдаланған материал дата журналистиканың мысалы бола алмайды. Сол үшін дата стори жасаудың нақты гипотезасы болуы керек.

Құндыз Қабылденова, Сарыарқа самалы газетінің тілшісі:

– Мен “Мінбердің” тренингіне осымен үшінші рет қатысып отырмын. Бұған дейін де датаға қатысты кейбір мағдұмат алған едім. Бірақ, бүгін мүлдем тың ақпарат алдым Жаңа мәліметтерді іздеу-табу, құрылтайшылар туралы мәліметті айқындау, табылған датаны сұрыптау және Excel секілді мәліметтер өте тың болды ғой. Үйренген дағдымды алдағы уақытта жұмыс тәжірибемде қолданам деген ойдамын.

Гүлжайна Туғанбай, Сарыарқа самалы газетінің тілшісі:

– Датаның әсері, себебі және оның шешімі, гипотезаны дұрыс құру және оны арықарай тарқату, ашық дереккөздерінен ақпарат алудың сан түрлі жолдарын үйрендік. Бұған дейін бұндай ақпараттан бейхабар едім.

Жанболат Серікбай, ERG компаниясының өкілі: 

– ERG компаниясы әлеуметтік жауапты компания ретінде аймақтарымыздың орнықты дамуына мүдделіміз. Сондықтан жыл сайын туған қалаларымыздағы журналистерімізді оқыту, үйрету, шеберлікті шыңдау шараларын өткізіп тұрамыз. Биыл міне Павлодардан бастап жатырмыз. Содан арықарай Ақтөбе, Қостанайға бару жоспарымызда бар.

Біздің мақсатымыз өңірлік журналистердің заман талабынан қалмай, жаңа дағдыларды үйренуі біз үшін маңызды. Өйткені біз қазақ журналистикасының дамуын қалаймыз.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар