/////

Ақтөбеде «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» медиа тренингі басталды

845 рет қаралды
1
minber.kz

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» медиа тренингін Павлодар, Ақтөбе және Қостанай өңірлерінің журналистеріне арнап ұйымдастырып жатыр. Тренинг демеушісі — ERG корпоративтік қоры. Алғашқы шара Павлодар қаласында, 23-24 мамыр аралығында өтті. Павлодарлық түрлі медиалардан 15 журналист қатысып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын. 

Бүгінгі кезекті тренингіміз Ақтөбелік журналистерге арналады. Өтінім берген барлық 32 БАҚ өкілдерінің 24-і іріктеп алынып, тренингке қатысқалы жатыр. Еске сала кетейік Ақтөбе қаласындағы «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» медиа тренингі 27-28 маусым аралығында, Әбілхайыр хан даңғылы, 52А, Aqtobe IT HUB ғимаратында өтеді.

Қатысушылар тренинг барысында өздерінің датаға негізделген жобаларын дайындайды. Жобаны жеке немесе топпен орындауға болады, әрі жобаны орындауға қосымша уақыт беріледі.

Үздік деп танылған жұмыстар «Мінбердің» 15 жылдығы, ERG-дің 30 жылдығына орай өткізілетін «Дата журналистика және жасанды интеллект» фестиваліне жолдама алады және бағалы сыйлықтарға ие болады.

Медиатренерлер және тренинг тақырыптарымен таныс болыңыздар

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ — Медиатренер, SDU ассистент профессоры, “Minber” қоғамдық қорының жетекшісі, Жоба жетекшісі

Тақырыбы: «Ақпаратқа қол жеткізу және ақпаратты алудың тәсілдері»

Асхат ЕРКІМБАЙ — Медиатренер, INTERNEWS KAZAKHSTAN ұйымының медиа эксперті, SDU дата журналистика окытушысы, “Minber” коғамдық қоры жанындағы, жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі

Тақырыбы: «Жасанды интеллект көмегімен мультимедиалы  контент әзірлеу жолдары»

Елнұр АЛИМОВА — Медиатренер, SDU журналистика мектебінің аға оқытушысы, Азаттық радиосының тілшісі

Тақырыбы: «Ашық дата көмегімен шешім журналистикасын жазу жолдары»

Баубек САҒЫНДЫҚ — Мультимедиа журналист, Медиатренер

Тақырыбы: «Датаға негізделген мультимедиалы материалға Инфографика жасау жолдары»

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар