//

«Мен естіген есер ән…»

749 рет қаралды

«Соқырға таяқ ұстатқандай ғып» ауызымызға салып, алдымызға әкеліп бермесе, ешнәрсенің байыбына бара бермейтін бейбақпыз. Сабақ уақыты. Ұстазымыз дәрістен соң: «Үйге тапсырма Қазақ радиосын тыңдайсыздар. Бүгінде қандай  хабарлар бар, ерекшеліктері неде және несімен ұнайды деген сауалдарға жауап беретін болыңыздар» деді.

  Телефон телміріп, сайт сайрап, интернет иегімен нұсқап тұрған қазіргі кезеңде біз радио тыңдаушы ма едік. Құлықсыздана «жарайды» деп жауап бердік. Тапсырманың аты тапсырма, орындау керек. Сол күннен бастап, “Қазақ радиосымен” бірге өмір сүре бастадым. Қолым қалт етсе, құлаққапты алып, құлаққа тағып, Қазақ радиосының біраз бағдарламасына қанық бола бастадым.

Аялдамада автобус күтіп, радио тыңдап тұрмын. «Әуе толқынында Көпен Әмірбектің «Ара» сатиралық хабары» деп бұрын-соңды естімеген бейтаныс хабар басталды. Сатираның саңлағы – Көпен Әмірбек қолға алған хабар мені қызықтырмай қоймады. Тақырып «Ән мен әншінің кәсіби деңгейі» екен.

«Ықылассыз махаббаттан, ынтасыз ән туады» деп санаға салмақты ой салды да, бүгінгі эстраданың деңгейін  саралады.

«Сенің мойныңда менің іздерім» деп  Ахан Отыншиевтің екі езуі екі құлағында. Қыздың желкесіне жабысқан ба, шүйдесін түйіп жіберген бе, әлде мойынына мініп көкпар тартқан ба, із қалдырғанына қарағанда қылғындырған немесе жерге жатқызып қойып, мойнын аяғымен басқан ба дерсің. Сондай-ақ Асан Пердешовың ерекше мұрынның иесі ғой деймін, иіс сезу қабілеті анау-мынау обчарканы жолда қалдырады-ау. Өйткені шаштарыңның иісін сағындым деп соғады ғой. Сонда әр талының иісі әр басқа болғаны ма? Онда шаштарыңның иістерін сағындым деген дұрыс шығар. Әлде сүйген қызы әр күнде әр түрлі парик киіп келіп, оны алдады ма дейсің» – деп төбеден ұрғандай қылып айта салмасы бар ма?

Осы кезде Абайдың мына бір өлең жолдары еріксіз еске оралды:

«Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар…». Ойға омалып отырдым да қалдым. Шынымен де солай екен ғой. Қалай байқамағанмын. «Ән – көңілдің ажары» дейміз, көңілімізді көтеретін әндерге бай болғанымызбен, мәтіннің мазмұнына мән бермейді екенбіз. Әуені әуезді болса болды, сөзі сылдыр су екенін де аңғармаппыз. Көз алдыма біраз әндер тізбегі сап түзей бастады. Бір кездері МС Сайлаубектің әлемде жоқ тілдегі «әдемі» әні жарыққа шығып еді. Кейіннен Понти Жорабековтың «Кс-кс чык-чык пф-пф а» деген әні пайда болды. Бұрын-соңды мұндай әндер қазақ тарихында болған деп бұл әндерді жылы жауып қойыппыз. Сондағы сынға алғанымыз халық әні «Көкжөтел». Бұл әннің тарихына үңіліп те қарамадық. Қызық. Ойланып отырып, хабардың аяқталғанын да байқамай қалыппын. Автобусты да жарты сағат күткен екенмін. Автобус келіп тоқтады. Мінуге дайындалдым.

Кейіннен телефонымды ашып, интернетке кірдім. Ал ендеше, «Шымкенттің қыздары зың-зың, көздері оның дәу-дәу». «Талғамға талас жоқ, кім қандай ән қалайды, соны тыңдайды».

Автобус жүріп келеді. Менде қалың ойдың құшағында құлаққапты тағып, радио тыңдауға ыңғайландым.

     Наргиза Ерес, СДУ, “Журналистика”,

2-курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі