//

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

934 рет қаралды

Кеше (20.04.2018) Алматыда «Алатау өнер театрында» ақын Тыныштықбектің  (Әбдікәкімұлы) «Көкек айы – Гүлстан» атты шығармашылдық кеші өтті. Кешті ұйымдастырған Қазақстан Жазушылар Одағы (ҚЖО). Кештің ұйымдастыру көркемдігінде шек жоқ. Залда ине шаншар жер жоқ. Таза әдебиетті сүйетін қауымның осыншама көп екеніне таң қаласың. Ақынның өлеңдерін өңкей мен атайын, сен тұр дейтін қазақтың үлкен-кіші (жас шамасы) ақындары оқыды. Бірен-cаран жатқа айтқандары да бар. Өйткені Тыныштықбек бір-екі оқығаннан оңай жаттала салатын, көкейгк қона қояр, оңай түсініле салатын ақын ба еді. Жүргізіуші Бақыт (Беделхан) Әбіштің (Кекілбай) сөзімен тұздықтап ақынның осы қырын әуелі жұртқа жеткізді. Тыңдаушы-көрермен де тым-тырыс сілтідей тынып отыр. Бір нәрсе іліп қалсам, бір нәрсе біліп қалсам дейтіндей.

Әрине, «бір түрлі» (Әбіш Кекілбай) Тыныштықбек өлеңдері шайнамай қылғыта, жалмамай жұтар жұмсақ быламықтай көрсең, онда ол (өлөң) тамағыңа тұрып қалады, өңешіңнен өтпейді. Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес «Дауа». Оны түсіну үшін Тыныштықбекше ойлай алатын не Тыныштықбектей санасы ғарыштап кеткен біреу талдап, оның не айтып отырғанын түсіндіріп, тәпсірлеп берсе жарар. Әйтпесе Тыныштықбек бір оқи салғаннан құлқыңа құйылмайтыны оқырманға таныс. Оның өлеңдері жеңіл жібек жамылғысын сілкіп қалсаң арғы жағынан жарқ етіп көріне қалатын лыпысыз жатқан ару емесіне есіміз кеткен. Осыны ойлағанда осы шығармашыдық кешке, екінің бірінің қолы жете бермейтін күрделі ойлы, «великий» (Ақберен)  Тыныштықбектей терең, айтпағы аспандап кеткен,  ақынды оқитын, зерде, санасы сонымен тең болып көрініп қалу үшін де келіп төбе қара көбейтіп жүргендер де барма екен деп қалдым. Әлбетте, жақсыны көрмекке, мықтыны сынамаққа, құр құмарлықпен бас көрсетушілері де ішке енген. Бұл жақсы ғой, білмекке беттеу, көрмекке қызығу, ұқпаққа ұмтылған деген жақсы ғой.  

Жоқ, ағайын, қарасы қалың жұрт Тыныштықбекпен ой жарыстырайын, сол арқылы өз деңгейімді, шама-шарқымды, кім екенімді көрсетіп қалайын, мен де одан кем емеспін деп ошарылып отырған жоқ. Қарапайым, қарабайыр халық, бұқара мына шаршатқан тірліктен, таңның атысынан, күннің батысына дейін тіске сыздық іздеп қыбырлаған тынымысыз тырбаңнан, құлағын сарсытқан дамылсыз даңғаза шудан, қатын болған ерден, ерге артылған қыздан, сайқы мазақтықтан, өздерін күнде келеке еткен тұштақай ыржаңнан әбден жалығып, мезі болып, жанына ТЫНЫШТЫҚ іздейді екен. Сол тыныштықты бір сәтке болса да өмірдің мынау жан тәніңді тітіркентіп сықырлаған, шықырлаған, шыңылдаған тегершігін тоқтата тұрып Тыныштықбектен табуға талпыныпты, тайлы таяғы қалмай. Күн сәулесімен нұрланған әлемнің көлеңкесінен көңілінің кірін кетіріп, кірбіңін сейілтер тинәмдәй болса да дәру табуға ұмтылыпты. Оны айдан емес, аспаннан емес, анау құздың басында қарық болып отырғандар мен қарық қылып жатырмыз дейтіндерден емес, төменнен, жерден, қазақтың ғарышқа самғаған, көк аспан текті қара өлеңінен іздепті. Ұйымдастыра білсең, жинай алсаң, бір іске жұмылдырып шыдасаң біздің халқымыз сондай бір қараңғылықта қалып қоймаған екен. Тыныштықбектей талантты Ақберенсіз, Ерлансыз, Сұрағансыз, Ықылассыз, Нұрғазысыз,  Бағашарсыз… ешбір талдау, тәржімасыз, түсіндірмесіз тыңдау біздің зердеміздің көрсеткіші, жұртыңның ойланғаны. Жұрттың ойланғаны, оның оянғаны! Іздегенін  жұрт өлеңнен тапса игі.

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі