//

Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті

3118 рет қаралды

Жаңа заңдық өзгерістер этникалық қазақтардың азаматтық алу мәселесін онан арман ауырлатты.
1. Оралман куәлігін тек 3 айға ғана ұзартуға мүмкіндік беретін заң қабылдапты. Сонымен бірге, Оралман куәлігінің уақыты өткеннен кейін 6 ай ішінде өтініш бермесе, Оралман куәлігінің уақыты ұзартылмайтын болыпты. Бұл азаматтық алу мәселесін одан ары қиындатып жіберетіні белгілі. Сол үшін Оралман куәлігін не жою керек, не Азаматтық алғанша жарамды ету керек. Шын мәнінде 2011 жылдан бұрын Азаматтық алғанша жарамды болатын. 2013 жылдары 7 жылға жарамды еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы мыңдаған этникалық қазақ Оралман куәлігінің уақыты өтіп кетуіне байланысты азаматтық ала алмай, қиындықта қалғанын хабарлаған-тұғын.
2. Ықтиярхат алмай тікелей азаматтық алуға мүмкіндік жасау керек. Оралмандар Тұрақты тіркеуге тұру үшін, Ықтияр хат алу үшін, сосын азаматтық тапсыру үшін – 3 рет шабылады.
3. Кеше ғана бір Қытайдан келіп, осында дайындық курсында оқып жатқан қазақ студентінің тіркеу уақыты өтіп кеткендіктен, Қазақстаннан шығарылды. Ана бала жылап тұрып кетті. Қытайға барған соң түрмеге түсетінің біле тұра, Қазақстанның құзырлы органдары оны шығарып жіберді. Біз Халықаралық ұйымдар арқылы Босқын мәртебесін сұрағымыз келген. Алайда баланың Қытайдағы туыстарына түсетін қысымды ойлап, бармағымызды тістеп, қала бердік. Сондықтан тіркеу, тіркелу секілді түрлі мәселелерде этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіп енгізсе.
Жалпы, Үкімет түрлі тәсілдер арқылы қазақтардың Қазақстан азаматтығын алуына кедергі қойып отыр. Бұл 2011 жылғы Үкіметтің 111 қаулысынан (Есімде қалуынша) басталды. Сонан бері мыңдаған қазақ заңсыз құжаттармен азаматтық алды. Ондай істер ІІМ жағынан заңдастырылды. Шын мәнінде 2011 жылдан бері 100 пайыз толық әрі заңды құжат жинап Азаматтық алған адам жоқ шығар(Қытайдан келген қандастарды айтам).  Себебі, Соттылығы болмауы туралы анықтама мен Қытай азаматтығынан шыққаны туралы анықтаманы Қытай үкіметі бере алмайды, берген де жоқ. Халық түрлі жолын тапты. Айта берсек ауру көөөөөп…

Бейсен Ахметұлының фейсбук парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері