///

“Алтын аралдың арғымақтары” оқырманға жол тартты

883 рет қаралды
14

Алматы облысы, Ескелді би ауданы, Қарабұлақ кентінде белгілі ақын, публицист, жазушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының  “Алтын аралдың арғымақтары” атты өлеңмен жазылған роман-кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге “Жұлдыз” журналының бас редакторы, ақын, Халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысы филиалының жетекшісі, ақын Ерлан Жүніс, Ескелді би ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Тәнекеев, Тілдерді дамыту және Мәдениет бөлімінің басшысы Бақытгүл Ерғалиева, Ескелді аудандық Кітапхана директоры Сара Өскенбайқызы, Кітапхана директорының орынбасары Әйгерім Түскенбаева, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы облыстық филиалының бастығы қатысып, кітап туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті. Кітапхана қызметкері Динара Беспаева ақын шығармашылығымен оқырман қауымды таныстырып, “Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар” стратегиясының ақын шығармашылығында қалай көрініс тапқандығын баяндап берді.

Кітапты оқырмандарға таныстыру шарасында Ескелді би аудандық кітапханасы мен Мәдениет басқармасының қызметкерлері, ақынның ұстазы Арқалық Сүлейменұлы, Жетісу жеріне белгілі кәсіпкер Бүркітбай Файзуллаұлы, облыстық “Жетісу” газеті мен аудандық “Жетісу шұғыласы” газеттерінің қызметкерлері мен жергілікті ақын-жазушылар қатысып, ақынның ақындық биігі мен шеберлік қырлары жайлы пікірлерін ортаға салды. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Төменде тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Бабақұмар Қинаятұлының жаңа кітап туралы пікірін назарларыңызға ұсынамыз:

“Алтын аралдың арғымақтары” поэзия әлеуетімен жырланған,  роман, бітімі бөлек, айтары ерек, тарихи ретрореспективаға құрылған көркем тарихи, азаматтық лирикалық туынды, заманауи, көкейкесті һәм мәңгілік тақырыпты арқау еткен. Қазақ қоныстанған ең шеткі пұшпағында – Алтайды мекен еткен тұлға Шудабай бидің түсімен, оған аян берумен басталған әңгіме тарих қойнауына сүңгітеді. Әлмисақтан бастап, көне түркі, Қазақ хандығы дәуірін көктей өткен шолу тарихты поэзиямен өрнектеудің құдіретін паш етеді. Хан Абылай заманында “судың басын алмай, аяғына ие бола алмайсың” деген мемлекеттік ұлы идеологияны жүзеге асыру жолындағы күресті, қазақ этносының қаңқасын құраған ру-тайпалардың мұрат-мүддесін салмақтайды һәм қасиетті қазақ жерінің тарихи-жағырапиялық аймағымен қабыстыра баға береді. Жалпыдан жалқыға принципі бойынша сюжет Алтай қазақтарына ойысқан тұста өңірдегі ұлы тұлғалар Зуқа батыр, Ақыт қажы ілімі мен күресінің Ата қазақ – Алаш мұратымен (жыраулар, ұлы Абай т.б.) сабақтастыра жырлайды. Әсіресе шет қонған Топайдың тоғызы деген бағаға ие болған қауымның Шудабай – Ақмер еліндегі өзіндік өнер-білім ұясына айналған ошағын, оның Шудабай би, Жұмажан сері, Жұмажан сері сынды бітімі ерек тұлғалардң әрекетімен тарқата баяндайды”.

Мінбер-ақпарат” 

Парақшамызға жазылыңыз

14 Comments

  1. Ақиығым, ата аналарым баптаған
    Жорға жүйрік әркез ерттеп мінгізіп
    Алтайымның шыңдарындай сомдаған.
    Әуелетіп мәртебесін әулеттің.
    Ақиықтай саңқылдаңыз
    Көкжорғадай тайпалыңыз
    Шығармашылық таси берсін
    Қызыл жебедей шыңдалыңыз.

  2. Бәм бек! Құтты болсын! Сенің поэмаң “Шұғылада” шығып атыр.
    Шығармашылық аясындағы кінәратсыз таза адалдығыңа шын ниетпен разымын бауырым!

  3. МИНИЙ НАЙЗ ЭР ХОРВООД ИРЭЭД 3 МОД ТАРИХ ЁСТОЙ ГЭДЭГ.1.ХҮҮТЭЙ &ҮР УДМАА ҮЛДЭЭХ.2.ХОЖИМ ДУРСАХ БҮТЭЭЛ ТУУРВИХ-НОМ 3.ЭРГЭЭД ХАРАХАД ҮЛДЭЭХ ҮЙЛС & МОД ТАРИХ,БАРИЛГА-АСРАМЖИЙН ГАЗАР Г.М.ОН ЖАВТАА БАЯР ХҮРГЭЖ ХИИХ БҮТЭЭХИЙН ОНГОДОД ЧИНЬ УЛАМ ИХ АМЖИЛТ ХҮСЬЕ.

  4. “Aлтын Аралдың арғымақтары. Еркіндіктіің ақырғы нүктесі”позия əлеуетімен жырланған роман бітімі ьөлек, ойтары ерек, тарихи ретроспективаға құрылған көркем-тарихи азаматтық лирикалық туынды заманауи көкейкесті һəм мəңгілік тақырыпты арқау еткен. Қазақ қоныстанған ең шеткі пұшпағында – Алтайды мекен еткен тұлға Шудабай бидің түсімен, оған аян берумен басталған тарих қойнауына сапары сүңгітеді. Əл-мисақтан бастап, көне түркі, қазақ хандығы дəуірін көктей өткен шолу тарихты поэзиямен өрнектеудің құдіретін паш етеді.

  5. Еңбегің құтты болсын,айналайын! Алтайда туып,Алтайда өскен ақиығым-ай! Қанатың қатайып,,алысқа самғар кезіңнің.басталғаны осы-ғой! Қанатың талмасын!

  6. Бәрекелді Баке! Құтты болсын, ой толғаулар, тарих пен тағдырдың иірімдеріне көз жүгіртіп, ой салар құнды шығармалар көбейе берсін! өте қуанышты жаңалық! Ішінде деп есептеңіз! Тілектеспіз!

  7. Ізгі ниетпен пікір білдірген, алғыс, тілегін айтқан барлықтарыңызға мың да бір рахмет! Енді осы өлең романды оқып, сын пікірлеріңізді жаудыртсаңыздар екен. Аман есен болыңыздар!

  8. ҚЖО-ның мүшесі Бақытбек Бәмішұлына
    («Алтын аралдың арғымақтары» өлең-романын оқығаннан кейінгі лепе).
    Тарихат жаздың, мағұлымат жинап көп қызық,
    Жүзіңді дала самалына да өпкізіп.
    Романды оқып, қолдайтын адам болғанда
    Қойғандай екен төбеңді көкке жеткізіп.
    Тарих әрі шежіре де екен бұл толғау,
    Біткенше жазып, жүрегіңе де мұң толды-ау.
    Қарымды ақын, қайратты жассың әлбетте,
    Рухың биік, керек болды ғой бұлтармау.
    Жетелеп намыс, шығыпсың биік сүмбірге,
    Өткеннің шынын, жеткіздің жазып бұл күнге.
    Бір мүшел ғұмыр, арнапсың есіл уақыт,
    Лайық осы, өзіңдей өрен дүлдүлге,
    Көшумен жүріп, не көрмеген бұ елің,
    Қилы да қилы, тағдыр кешкенін білемін.
    Қолыңнан қалам, түспесін жүдә, көп жаса,
    Ағалық тағы ақындық адал тілегім.
    Тілеуқорың Зуқай Шәрбақынұлы.
    18.08.18 жыл

  9. Бұл кітаптың нағыз бағасын Зуқай қариямыз өлеңмен өте нақышына келтіріп нақты бағасын берген екен рахмет ,біз ойланып болғанша (коментті қалай жазсам екен деп) қанша дегенмен көпті көрген көне көз ағамыз жетесіне жеткізіп бағалапты сіздерге ұзақ ғұмыр мол табыс тілеймін,жаза беріңіздер жасай беріңіз дер

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Тегін тренингке қатысам десеңіз

Құрметті қарағандылық әріптестер, сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!