///

Бақытбек Бәмішұлы: Сәулелі сүттей сәуелі  

734 рет қаралды

Сәулелі сүттей сәуелі  

Бұлақтай қасқа татымды,

Арылтар бойдан татымды.

Қазаққа Абай болсын деп,

Абай деп қойған атын да.

Адамзат оның жақыны,

Адамға болмас жат үні.

Алты құрлық,

Қазақтың,

Ақылдан туған ақыны….

Өлеңге құмар баласы,

Қайғыдан қалың наласы.

Адамзаттың ақиқат,

Арлыға болар таласы.

Абай деп айтам асылым,

Тәңірден соңғы ғашығым.

Көр соқырдың аузынан,

Көпірер кейде сасық үн.

Шығады ондай пендеден,

Құлқынын ғана жемдеген.

Арсызды Абай емес пе,

Жөндеген де, емдеген.

Жақсыны жаттай көрмеген,

Жатады жолда көлденең.

Күш-қуат алсын Абайдан,

Өлеңге асық шөлдеген.

Сәулелі сүттей сәуелі  –

Абайдың демі, әуені.

Дерттенген қоғам, үшкіртер,

Абайға келіп әуелі.

10.08.2018j

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Үш ауысымды мектептер білім сапасына қалай әсер етеді? Алматы облысы Талғар ауданында ата-аналар балаларының білім сапасына көңілі толмайды

Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан Әл-Фараби атындағы №31 Тұздыбастау мектебінде бастауыш сынып оқушылары үш ауысымда оқиды.

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі