//

Бес кітаптың тұсаукесері

2736 рет қаралды

Құрметті оқырман сәуір айның 11 күні,  сағат: 16:00 де Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетшілер үйінде (Алматы қаласы Абылай хан көшесі, 105 үй) белгілі қаламгер Жәди Шәкенұлының БЕС Кітабының тұсауы кесілмек!

 Ж.Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда туған. 1997 жылы атажұртқа оралған. «Шалқар», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ үні» газеттерінде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында жауапты әдеби қызметтер атқарған. Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі.

Прозада «Бір уыс сәуле», «Жүрек неге жылайды» әңгімелер жинағы, «Қаралы көш» – тарихи романы жарық көрген. «Қаралы көш» кітабы түрік тіліне аударылған. Балалар әдебиеті тақырыбында «Ақ балапан», «Арманшыл бала» кітаптарын жазған. Бір бөлім мысал әңгімелері оқулықтарға кірген. «Ақ балапан» кітабы Түркияда латын жазуында шыққан. Әдебиеттік сын-зерттеу тақырыбында «Жалғыздың үні» кітабы жарық көріп, оның ішіндегі «Шынжаңдағы қазақ әдебиеті» мақаласы әдебиет теориясы жинақтарына кірген.

Қазірге дейін жазушының авторлық туындыларынан 12 кітап, құрастырған еңбектерінен 20 кітап жарық көрген. Бұдан сырт А.Татанайұлының «Ел қорғаны – Абылай», М.Разданұлының «Алтайдың ақиықтары», С.Әбілқасымұлының «Қуғын», Қ.Шабданұлының «Қылмысы» т.б. көптеген кітаптарды редакциялап, ата жұртта жарық көруіне өзіндік үлесін қосты. Жазушы шығармашылығы хақында – Т.Кәкішев, Т.Бейісқұлов, М.Рәш, Т.Тебегенов, З.Сейітжан, Ж.Ахмади, Ә.Қара, Н.Түсіпхан, Б.Жылқыбек, Б.Бәміш, т.б. қаламгер-ғалымдар құнды зерттеу мақалаларын жазды. Студент  Мөлдір Дәукенова «Қаралы көш» романы хақында магистрлік еңбек қорғаған.

Ал бүгінгі таңда Жәди Шәкенұлының «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы, «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды бес кітабы жарық көріп отыр. Сонымен бірге оқырмандар сұранысы бойынша «Қаралы көш» кітабы А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда жарық көруде. Аталған шығармалардың тұсаукесеріне көрнекті әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлерден – Темірхан Тебегенов, Серікқазы Қорабай, Жанат Ахмади, Жәркен Бөдешұлы, Ғалым Жайлыбай, Дәулетбек Байтұрсын, Мұрат Шаймаран, т.б. лар және баспа сөз өкілдері қатысады деп күтілуде. Тұсаукесер аясында өтетін әдеби кешті Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып жүргізеді. Өз кезегінде әсем әндер шырқалып, кеш мерейін асырады.

Келемін деушілерге есік ашық. Өтетін уақыты: 11.04.2019. Сағат: 16:00 де. Өтетін орны: Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйі (Алматы қаласы Абылай хан көшесі, 105 үй).

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы, «Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры», «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігі Байланыс тел: 8-776-1311378 8-7474608587

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі