///

Тұманды Альбионда (жалғасы)

1959 рет қаралды
1

Cолтүстік Ирландия 




Британия тарихынан сабақ беретін Ариел Ұлы Британияда әлі күнге дейін бір көшеде отырып бір-бірімен амандаспайтын, бірі жүрген көшемен екіншісі жүрмейтін, бірі барған мектепке екіншісі бармайтын халық тұратындығы туралы айтқанда, өз құлағыма өзім сенбедім. Өйткені бүкіл әлемге толерантты болуды үгіттейтін батыс елінде мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін емес деп есептейтінмін. Бірақ, факт солай. Бір халық, тарихы бір, өткені бір, тілі бір, мәдениеті бір, бірақ діні бөлек, сол діннің кесірінен бірін-бірі жау санайды. Сол үшін араларын бөліп тұратын үлкен қамал салынған. Оны өздері “Бейбітшілік қамалы” деп атайды. Сонымен бәрін басынан баяндайын. 

Ирландия мен Англия арасындағы бірігу туралы актіге 1801 жылы қол қойылады. Алайда, ХVII ғасырдан бері келе жатқан діни қақтығыс (Протестанттар мен Католиктер) ХІХ ғасырда экономикалық проблеманың ушығуына алып келеді. ХІХ ғасырда басталған Индустрия революциясы, нарықтық экономика Уелстердің (Ulster) солтүстік-шығысын мекендейтін Протестанттарға тиімдірек болады. Сөйтіп, олар дамудың сара жолына түскенде, ауыл шаруашылығына иек сүйеген оңтүстіктегі Католиктер мекендейтін жағы 1845-1850 аштыққа ұшырайды. Бұл католиктер басым мекендейтін аймақта ұлттық қозғалыстардың күшеюіне алып келеді. 1885 жылы Ұлы Британияның сол кездегі Премьер министрі Уильям Гладстон (William Gladstone) Ирландияның заңды тәуелсіздігін ұсынғанда, Ирландияның солтүстік шығысы бұған қарсы шығады. Протестанттар бұл олардың тек экономикалық тиімділігіне ғана емес, сонымен бірге діни бостандығына да зардабын тигізеді деп ойлайды. 

1948 жылы Ирландия республикасы біржолата Ұлы Британиядан ноқта жібін үзіп, жеке мемлекет болып бөлініп шығады. Солтүстік Ирландия Ұлы Британия құрамында қала береді. Оңтүстік Ирландия немесе Ирландия Республикасының астанасы Дублин, онда шамамен 4.5 миллион адам өмір сүреді. 

Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст (Belfast). Халқының саны 2 миллиондай. Солтүстік Ирландияның да жеке Парламенті бар. Елді Бірінші министр басқарады. Көп жылдан бері Протестанттар басым дауысқа ие болып келеді. Бұл католиктердің ашу-ызасын тудырады, сөйтіп, өткен ғасырдың 60-шы жылдары Католиктердің азаматтық құқығын қорғаушы қозғалыстар пайда болады. 1969 жылы бұл қозғалыстарды басу үшін Протестанттар қарсы күш қолданады. Ұлы Британияның қарулы күштері Солтүстік Ирландияда 2007 жылға дейін болады. Өйткені елдегі діни қақтығыстың қайталанбауын қадағалау қажет еді.

1969 жылдан басталған қақтығыстың 1998 жылға дейін жалғасқанын білесіз бе? 1972 жылы тарихта “Қанды жексенбі” деген атпен әйгілі қақтығыста  Католик дінінің 14 өкілі қаза табады. Мәселе осымен ғана тынышталмайды, екі діни қауымның өкілдерінің арасындағы күн сайынғы қақтығыстың соңы трагедиямен аяқталып отырады. Тек 1998 жылы “Жұма келіссөзі” (Good Friday Agreement) жасалып, Ұлы Британия үкіметі Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар ғана емес, Ирландия Республикасымен де келісімге келеді. “Егер кім де кім Солтүстік Ирландиядан кетіп, Ирландияның азаматы болғысы келетін болса, онда мархабат” деп рұхсат беріледі. Қазір Солтүстік Ирландияның бас министрі Протестант өкілі, оның орынбасары Католик өкілі. 

Дегенмен, Католиктерді тыныштандырған бір нәрсе – Ұлы Британия Еуропа одағына мүше болғаннан бері, Оңтүстік Ирландиямен арадағы шекараның ашықтығы. Брекситті тығырыққа тіреп отырған бір мәселе де осы, екі ел арасындағы шекара мәселесін қалай шешу. Елдің қазіргі Премьер министрі Борис Джонсон 31 Қазандағы ұсынысында шекара мәселесін біржақты ете алмағаны үшін сынға ұшыраған болатын. Егер, Брексит жүзеге асырылса, елдегі саяси ахуал тағы да дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Үнемі температурасы көтеріліп тұратын солтүстіктен қара тұман қаптауы мүмкін. Өткенде 52/48 арақатынасымен дауыс жинаған Шотландия да қайта атқа мінуге дайын. Сол себепті де, түрлі себеппен Брексит мәселесін кейінге қалдырып келеді. 9 желтоқсанда болатын бүкілхалықтық сайлаудан кейін де біраз дүние айқындала түспек. 

(жалғасы бар)

Есенгүл Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері