//

Сөз бостандығы қандай деңгейде?

2699 рет қаралды

3 мамыр Бүкіләлемдік баспасөз күні. Жыл сайын бұл күн баспасөз бостандығы мен пікір білдіру еркіндігі күні ретінде аталып өтіледі. Атаулы мереке 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысымен қабылданған. Африка журналистерінің 1991 жылы қабылдаған декларациясы негізінде дүниеге келген бұл күнде әр ел өзінің сөз бостандығы деңгейін сарапқа салатыны анық.

Жыл сайын Баспасөз бостандығы күнінің өз тақырыбы болады. 2019 жылғы  тақырып  «Бұқаралық ақпарат құралдары демократия игілігі үшін: дезинформация дәуіріндегі журналистика және сайлаулар» деп аталса, 2020 жылдың тақырыбы – «Қауіпсіз журналистика және қалыптасқан түсінік». Негізгі бағыт – БАҚ қызметкерлері мен журналистердің қауіпсіздігі, саяси және коммерциялық ықпалдан азат тәуелсіз әрі кәсіби журналистика,   БАҚ-тағы гендерлік теңдік.  Биыл COVID-19 пандемиясына байланысты бұл шара 18-20 қазанға қалдырылып отыр. 2 қарашада Дүниежүзілік журналистерге қарсы жасалған қылмыстардың жазасыз қалуына қарсы күрес күнімен қатар атап өту көзделуде. 

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы атаулы күнге орай үндеу жариялады. «Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері бізге маңызды шешімдер қабылдауда аса зор көмек көрсетіп отыр. Бүкіл әлем COVID-19 пандемиясымен күресіп жатқан шақта, бұл шешімдер өмір мен өлім арасындағы аражікті айқындауы мүмкін. Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күнінде біз үкіметтер мен өзге де мүдделі тараптарды журналистерге олардың міндеттерін орындауға мүмкіндік беруге шақырамыз. Коронавирус инфекциясы әлемге таралғаннан бері журналистер өз жұмысын орындағаны үшін ғана шектеулер мен жазаға ұшырауда. Қозғалуды уақытша шектеу COVID-19 пандемиясын жеңу мақсатында енгізіліп отыр. Бірақ бұны журналистің кәсіби қызметін атқаруға қарсы қолданбаған абзал» деген ол өз үндеуінде. 

«Шекарасыз репортерлер» ұйымы Қазақстанда «Covid-19» эпидемиясы туралы ақпарат таратып жүрген журналистерді қудалауды тоқтатуға шақырады. Қазақстанда журналистік қызметін атқарып жүрген журналистерді карантин тәртібін бұзды деген желеумен жауапқа тартқан оқиғалар кездесіп жатыр. Сол себепті де журналистер кей жағдайда шынайы ақпарат тарата алмай жатады. «Шекарасыз репортерлер» ұйымының рейтингісі бойынша Қазақстан әлемдік сөз бостандығы индексінде 2020 жылы 180 елдің ішінде 157-ші орынға тұрақтаған. Бұл Қазақстандағы баспасөз еркіндігіне берілген баға.

Карикатура ЮНЕСКО сайтынан алынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері