///

Медианың бүгіні және болашағы: пропаганда мен манипуляцияны қалай ауыздықтауға болады?

1482 рет қаралды

Қырғызстанның астанасы Бишкек қаласында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының “Жол айырығында: Демократия жолында медианың бостандығын қорғау” тақырыбында екі күндік конференция өтіп жатыр.

Конференцияға негізінен Орта Азия медиа белсенділері, журналистер, фактчекерлер қатысып, жасанды интеллект заманындағы журналистиканың бүгіні мен болашағын талқылады. Интернеттің пайда болуы конспирология теориясының таралуына және фейктердің қаптауына жол ашса, жасанды интеллект оның тамырын тереңдетіп жіберді. Бүгінгі таңда дипфейкті немесе жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған аудио, видео өнімдерін шынайы контенттен ажырату өте қиынға айналды.

Сол себептен де, бүгін бүкіл әлем бойынша журналистиканың болашағына алаң күшейіп келеді. Оның үстіне жасанды интеллект, боттар мен тролльдерді өзінің жеке имиджі мен пропагандасына әдейі пайдаланатын авторитарлы мемлекеттер тұрғанда бұл мәселені одан әрі күрделендіре түсетіні анық.

Алғашқы күннің алғашқы сессиясы “Сөз бостандығын қорғауда дезинформацияға қарсы күрес” деп аталды. Сессияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия өкілдері қатысты. Орта Азиядағы постсовет елдеріне ортақ бір проблема Ресей пропагандасының өршіп тұруы және халықтың сол пропагандаға нануы. Мәселен Қазақстан атынан сөз сөйлеген Factcheck.kz ресурсының бас редакторы Думан Смақов жақында жүргізілген сауалнама негізінде респонденттердің отыз пайыздан астамы Украина мен Ресей қақтығысында украиндерді күстаналап, Ресейдің саясатын ақтауға тырысқан. “Бұл Ресей пропагандасының жемісі” дейді ол.

Өзбекстандық anhor.uz ресурсының директоры Лола Исламова Өзбекстанның заңнамасында дезинформация түсінігінің жоқ екендігін айтады. Алайда,  жалған ақпаратты таратқаныңыз үшін 1 мың доллар айыппұл төлейсің. Егер жыл ішінде қайталанса әкімшілік жұмыс істеуге, немесе екі жылға дейін бостандығын шектеу қарастырылған.

Ал Қырғызстанда мемлекеттік медианы қолдау мақсатында жыл сайын бюджеттен 2,5 миллион сом ($100 000) жұмсалады екен. Соған қарамастан мемлекеттік шенеуніктер, президент әкімшілігі боттар мен тролльдерге тапсырыс беріп, өздерінің имиджін жақсартуды көздейтін көрінеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар