////

Білім күніне дайындық: Білім басқармалары техниканы қалай сатып алуда?

4173 рет қаралды
2

Қазақстан мектептері жаңа оқу жылына қызу дайындалуда. Биылғы оқу жылдағыдан өзгеше. Биыл мектеп формасы және оқулықтардан гөрі маңызды дүние интернеттің жылдамдығы мен интернетке қосылудан өзге мектеп мұғалімдері мен оқушыларын қажетті техникамен, атап айтқанда, компьютер, ноутбук және планшеттермен қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда білім басқармалары техника сатып алу үшін қанша қаржы жұмсап жатыр әрі әр техниканың бағасы қаншадан айналуда. Осы мәселені сарапқа салып көрген едік.

Тамыздың 25-індегі жағдай бойынша Мемлекеттік сатып алулар порталында алты облыстың және Алматы қаласының аталған техникаларды сатып алуға жұмсаған қаржысын табуға болады. Қалған облыстар әлі келісім шарт жасасып үлгермеген болуы керек, әзірге ақпарат жоқ.

Алматы қаласы, Алматы облысы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармаларының ішінде ноутбуктер сатып алудан Алматы қаласы көш бастап тұр. Алматы қаласының оқушылары үшін 40 372 ноутбук сатып алу жоспарланыпты. Ал компьютердің саны – 4016 және 5203 планшет сатып алынбақ. Бұл мақсатта жұмсалған қаржының көлемі – 7 миллиардтан асады. Екінші орында Алматы облысының білім басқармасы. Бұл мекеме 5 миллиард 454 миллион теңге жұмсап отыр. Сатып алуға жоспарланған ноутбуктердің саны – 24 583, сондай-ақ 7508 планшет,  5795 компьютер сатып алу көзделген.

4 миллиард 176 миллион теңгеге келісім шарт жасаған Қарағанды облысы үшінші орында. Жалпы картинаны көру үшін төмендегі диаграмманы қараңыз.

Сатып алынған техниканың саны, өңірлер бойынша

Ал, техникалардың бағасына назар аударатын болсақ, ноутбуктердің бағасы -159-160 мың теңгенің маңайында. Тек бір екі мың теңгенің айырмашылығымен келісім шарт жасалған. Ал, бағадағы айырмашылық компьютерлер мен планшеттерде анық байқалады. Мәселен:

Компьютер мен планшеттің бағасы, өңірлер бойынша

Демек ең қымбат планшетті Шығыс Қазақстан облысы сатып алса, ең арзанын Батыс Қазақстан облысы місе тұтпақ. Ал компьютерлердің ең қымбатын Қостанай облысы сатып алған. Қостанай облысы екі түрлі бағада, екі түрлі сападағы компьютерлерге тапсырыс берген. Мәселен, кеңселік компьютер – 325 мың болса, 247 мың теңгелік компьютерлерді де сатып алған.

Ал, өңірлердің жұмсаған қаржысын сарапқа салып көрелік:

Әзірге, Алматы қаласы 7 миллиардтан астам теңге жұмсап алда тұр. Ал, Қостанай облысы көктем айларында компьютер сатып алса, Ақтөбе облысы 90 планшет және 32 компьютер сатып алумен ғана шектелген. Ақтөбе облысы бір компьютерді 297 920 теңгеге сатып алған. Өнім беруші – Damu Qamqor bereke. Бұл мақсатта 9,5 миллион теңге жұмсалмақ. Ал білім күніне дайындық әлі жүріп жатқандықтан бұл картина әлі де өзгеретіні айқын.

Ал өнім берушілер кімдер болды?

Бірнеше өнім берушімен бірнеше басқарма келісім шарт жасасқан. Мәселен, Labor Tech International компаниясының бірнеше басқармамен жасаған келісім шарты бар. Алматы облысы білім басқармасы аталған компаниямен 3 миллиард 957 миллион 863 мың теңгеге келісім шарт жасасқан. Бұл компания Қарағанды облысын планшеттермен қамтамасыз етпек. XFinity Solutions пен Қаз Интер сервис те бірнеше білім басқармасына қызмет көрсетпек.

P.S. Әлі де біраз білім басқармасының техникаға жұмсаған қаржысы сарапқа салынатын болады. Біз әзірге қолда бар мәліметтермен шектеліп отырмыз.

 

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. […] отырғандықтан, мәліметтер өзгеріп отыр. Мәселен, өткен аптада Алматы облысының Білім басқармасының осы…. Осы аптада аталған білім басқармасы тағы да 20 мың […]

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар