///

Білім басқармаларындағы былықтың беті ашылып жатыр: Қарағанды облысының Білім басқармасы бюджетке 3,8 млрд теңге зиян келтірген

1797 рет қаралды
фото: mail.kz

Естеріңізде болса, “Мінбер” сайты білім басқармаларының техниканы қалай сатып алғандығы туралы мақалалар сериясын жазған еді.

Өткенде ғана Алматы облысының Білім басқармасының басшысы ұсталған болатын. Енді Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Г. Ш. Қожахметованың үстінен қылмыстық іс қозғалды. «КазИнтерСервис-Астана» ЖШС директоры А. Ж. Тулепова мен «Логиком» ЖШС директоры Г.С. Шуваловтар 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында білім мекемелері үшін 2500 компьютер мен 19 мың ноутбук сатып алған. Бұл тауарлар келісілген келісім шарттардағы техникалық сипаттамаға сай келмейді. Сөйтіп мемлекет қазынасына 3,8 млрд теңгеге дейін зиян келген. 

Дереккөз: t.me/chinovnik_kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі